

2024 жылғы 27 қарашада Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде ТЕDх форматындағы "Start up" инновациялық идеялар байқауы өтті. Мақсаты: жастардың кәсіпкерлік құзыреттерін қалыптастыру, шағын кәсіпкерлікті дамыту бағыттарын танымал ету бойынша үздік студенттік бизнес-идеялар мен тәжірибелерді анықтау. Байқау екі кезеңде өтті: біріншісі – 2024 жылғы 22 қарашаға дейін-өтінімдер мен жұмыстарды қабылдау; екіншісі – 2024 жылғы 27 қараша-тедх форматында бизнес-идеяларды қорғау және байқау жеңімпаздарын анықтау.
Презентацияларды қорғау қорытындысы бойынша конкурстық комиссия жеңімпаздарды анықтады. Олар: I орын ПО-31 тобының студенттері Ильиненко Максим және Кулинич Никита "SNUDENT WORKUPвот" жобасымен, жетекшісі О.В.Чернышова, II орын Б-11 тобының студенті Шарафутдинова Дарья, жетекшісі О.В.Оншина және III орын Д-41 тобының студенті Бандюкова Алиса және Самойленко Александра, жетекшісі О.Н.Константинова. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
Оньшина О.А. – экономикалық пәндер оқытушысы

2024 жылғы 22 қарашада "Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжі "КМҚК "БЕСТ" гимназиясының 9 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру экскурсиясы өтті. Экскурсияның мақсаты-жұмысшы мамандықтарын дәріптеу. Гимназия оқушылары колледждің мамандықтарымен және материалдық базасымен танысты.

2024 жылғы 22 қарашада Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде "Өнегелі отбасы - қоғам байлығы" атты кураторлық сағат өткізілді. Мақсаты: отбасына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу арқылы адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру үшін жағдай жасау.

Деструктивті діни ағымдарға, жастардың интернет қауіпсіздігіне тартудың алдын алу мақсатында 2024 жылғы 21 қарашада Б. Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде бейнероликтерді көрумен ақпараттық - түсіндіру сұхбаты өткізілді. Іс - шараны Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының қызметкерлері: Чуприна Марина Юрьевна - психолог, Беков Нурсултан - теолог-исламтанушы өткізді.

2024 жылғы 21 қарашада облыстық ашық турнирде гуманитарлық - техникалық колледж базасында гір спорты бойынша жарыстар өтті, онда облыстың 150-ден астам спортшысы және біздің СР-11 тобының студенті Евгений Плясовских 73 кг салмақ дәрежесінде 16 кг гірді 149 рет көтеріп, жеңіске жетті. Спортшыны алтын нәтижемен құттықтаймыз!