ҚАЗ РУС
Сенім телефондары






17.12.2024
Ата-аналар жиналысы

2024 жылғы 17 желтоқсанда Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде "Кәмелетке толмағандарға қатысты девиантты, суицидтік мінез-құлық пен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу" тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыстың мақсаты балалардың девиантты, суицидтік мінез-құлқының алдын алу мәселелерінде ата-аналардың психологиялық сауаттылық деңгейін арттыру болды.

12.12.2024
Болашақты анықтаған таңдау викторинасы

2024 жылғы 12 желтоқсанда Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің кітапханасында "Оқу колледжі" тұжырымдамасы аясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған "Болашақты анықтаған таңдау" викторинасы өткізілді. Іс-шараның мақсаты: отансүйгіштік, азаматтылық, толеранттылық, тарихи өткенге деген мақтаныш сезімін, елдің болашағы үшін жауапкершілікті тәрбиелеу, студенттердің Қазақстан тарихына деген қызығушылығын дамыту.

Викторина барысында "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі"," Менің Қазақстаным","Қазақстан жері" атты бейнефильмдер көрсетілді. Студенттер "Қазақстан тарихы", "Көрнекті тұлғалар", "Қазақстан қалалары", "Флора және фауна" турларында жақсы білім көрсетті .

Кітапхананың оқу залында "Менің елімнің тарихы" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Кабденова Г.М. – кітапхана меңгерушісі

12.12.2024
«Тәуелсіздік бастауы – Желтоқсан» тарих шежіресі

2024 жылғы 12 желтоқсанда И.Шухов атындағы Орталық қалалық кітапхананың қызметкерлері В.В.Таран және К.К.Киреева Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің студенттері үшін "Тәуелсіздік бастауы - Желтоқсан" атты тарих шежіресі іс - шарасын өткізді. Ол Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне орайластырылып, 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларының құрбандарын еске алуға арналды.

Студенттерді Егемен Қазақстанның қалыптасуына дейінгі оқиғалардың хронологиясымен таныстырды; деректі бейнематериалдардан кадрлар көрсетілді.

Подоляник А.А. – жастар ісі жөніндегі инспектор

12.12.2024
«Асқақтай бер, айбынды Қазақстан!» кураторлық сағаты

2024 жылғы 12 желтоқсанда Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде В-21 және ПМ-21 топтарында "Асқақтай бер, айбынды Қазақстан!" тақырыбында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған кураторлық сағаты өткізілді. Осы іс-шараның негізгі мақсаттары: азаматтық патриотизмге тәрбиелеу, өз елінің тағдырына қатыстылық сезімін нығайту, өз халқының тарихына құрмет, өз еліне деген сүйіспеншілік және қазақстандықтардың қызметтің түрлі салаларындағы жетістіктері үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру.

Іс-шараны өткізу барысында "Тәуелсіз Қазақстан!", Қазақстан туралы слайд-презентация, "Атамекен" әнінің бейнеклипі, сондай-ақ кітап көрмесі ұсынылды. Студенттер туған елі туралы өлеңдер оқыды, оқу ресурстары платформасында интерактивті тапсырмаларды үлкен қызығушылықпен орындады, қазақ тіліндегі мақал-мәтелдер туралы жақсы білімдерін көрсетті, викторина сұрақтарына жауап берді.

Кабденова А.К. – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы

11.12.2024
«Закладчики. Расплата» деректі фильмнің жабық көрсетілімі

2024 жылдың 11 желтоқсанында Б. Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің студенттері «Закладчики. Расплата» деректі фильмнің жабық көрсетіліміне қатысты. Іс-шара С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл және алдын алу бойынша идеологиялық жұмыс аясында өтті.

Страница 85 из 445