ҚАЗ РУС
Сенім телефондары






01.04.2025
ЭКО стиліндегі өмір тақырыбындағы экологиялық сағат

2025 жылдың 1 сәуірінде Б.Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің кітапханасында СҚО бойынша экология департаментінің бас маманы А.В.Кропоткина, оқытушы В.А.Симонов және Л-11 тобының студенттерінің қатысуымен "ЭКО стиліндегі өмір" тақырыбында экологиялық сағат өтті. Іс-шараның мақсаты-табиғат туралы білімді кеңейту, қоршаған ортаның ластануына теріс моральдық бағалауды қалыптастыру, өзінің тұрғылықты жерінің қоршаған ортасын қорғау және сақтау бойынша әлеуметтік-белсенді ұстанымды дамыту. Экологиялық сағат барысында студенттер өз елді мекендерін абаттандыру мәселесін шешу үшін жеке жауапкершілікті түсінді.

01.04.2025
Экскурсияның мақсаты-жұмысшы мамандықтарын дәріптеу.

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында 2025 жылдың 1 сәуірінде "Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжі" КМҚК"-ны Н.К.Крупская атындағы №10 орта мектебі" КММ-нің 9 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру экскурсиясы өтті. Экскурсияның мақсаты-жұмысшы мамандықтарын дәріптеу. Мектеп оқушылары колледждің материалдық базасымен танысты.

26.03.2025
Экскурсияның мақсаты-жұмысшы мамандықтарын дәріптеу.

Жұмысшы кәсіптер жылы аясында 2025 жылғы 26 наурызда "Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжі" КМҚК-да Қызылжар ауданының Вознесенка негізгі мектебінің 9 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру экскурсиясы өтті. Экскурсияның мақсаты-жұмысшы мамандықтарын дәріптеу. Мектеп оқушылары колледждің мамандықтарымен және материалдық базасымен танысты.

20.03.2025
Мерекелік би флешмобы

2025 жылғы 20 наурызда Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің student Parliament Club белсенділері Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған қаланың орталық алаңында өткен мерекелік би флешмобына қатысты. Наурыз мерекесі қарсаңында флешмоб "Қара жорға" дәстүрлі ұлттық биі ретінде стильдендірілді.

Подоляник А.А. – жастар ісі жөніндегі инспектор

20.03.2025
«Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамы!» мерекелік іс-шара

2025 жылдың 20 наурызында Б.Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің акт залында Наурыз мейрамына арналған "Ұлыстың Ұлы күні-Наурыз мейрамы!" мерекелік іс-шапа ұйымдастырылды. Мақсаты: жалпықазақстандық рухани құндылықтарды, халықтың бірлігі мен келісімін нығайтуға бағытталған қазақ халқының салт-дәстүрлерін жаңғырту; этносаралық қатынастар мәдениетін дамыту, қоғамдағы достық пен сенімді нығайту.

Наурыз барлық халықтарды біріктіретін және достық пен өзара түсіністікке шақыратын мерекеге айналды. Оқытушылар мен студенттер қазақ халқының салт – дәстүрлері-сырға салу, шашу шашуды көрсетті. Көрермендер музыкалық нөмірлерден ләззат алып қана қоймай, ұлттық ойындарға да қатыса алды.

Чубарова Е.Н. – педагог-ұйымдастырушы

Страница 66 из 445