





Жұмысшы мамандықтар жылы аясында 2025 жылдың 14-18 сәуір аралығында "Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжі" КМҚК "№26 мектеп-балабақша" КММ, "№ 24 орта мектеп" КММ, "№28 жалпы білім беретін мектеп" КММ, "Бескөл мектеп-колледжі" КММ, Қызылжар ауданының "Приишим негізгі мектебі" КММ-нің 9 сынып оқушыларына барды. Кәсіптік бағдар беру кездесуі мен колледжге экскурсияның мақсаты жұмысшы мамандықтарын дәріптеу болып табылады. Мектеп оқушылары колледждің мамандықтарымен және материалдық базасымен танысты.


Б. Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің шағын футболдан әйелдер құрамасын облыстық "Сұңқар" спартакиадасында 3 орын алуымен құттықтаймыз!
Команда құрамы:
Бандюкова Алиса Д-41 тобы; Плехова Валерия В-41 тобы; Маликова Анастасия В-41 тобы; Спиридонова Наргиз В-41 тобы; Галкина Римма Т-31 тобы; Черная Анна Б-11 тобы; Кутузова Милана ПО-11 тобы; Куляева Вероника Д-11 тобы.

2025 жылдың 18 сәуірінде Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің студенттері "Таза Қазақстан" республикалық бағдарламасы аясында "Табиғат білгірлерінің турнирі" байқауына қатысты. Іс-шараны Петропавл қаласының Жастар ресурстық орталығы Ғ.Мүсірепов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық балалар-жасөспірімдер кітапханасының базасында ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты-белсенді іскерлік өзара іс-қимыл түрінде экология мәселелерінде білімді арттыру, тәжірибе алмасу үшін жағдай жасау, Қазақстанның табиғи ресурстарына ұқыпты қарауды насихаттау. 1 курс студенті Данияр Жармуханов викторинаға белсенді қатысқаны үшін сыйлықпен және грамотамен марапатталды.
Чубарова Е. Н. - Экоклуб жетекшісі

2025 жылдың 17 сәуірінде ӘПБ құқық бұзушылықтың алдын алу тобының инспекторы полицияның аға лейтенанты Ж.Ж.Токтагулова Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің 1 курс студенттерімен тақырыптық дәріс өткізді. Ашық диалог барысында жастар ортасында психоактивті заттарды қолданудың алдын алу, кәмелетке толмаған азаматтарға қатысты ҚР АК және ҚК баптары және теміржолдағы қауіпсіз мінез-құлық мәселелері талқыланды.
Подоляник А.А. – жастар ісі жөніндегі инспектор

2025 жылғы 17 сәуірде есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл профилактикасы шеңберінде Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің студенттері қалалық қылмыстық істер сотында өткен ашық сот отырысына қатысты. Есірткі заттарының заңсыз айналымы үшін ұсталған сотталушыларға қатысты іс қаралды.