ҚАЗ РУС
Сенім телефондары






02.09.2025
Бірінші курс студенттеріне арналған дәстүрлі салтанатты жиын «Білім күні. Бейбітшілік күні!»

2025 жылғы 2 қыркүйекте Б.Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде бірінші курс студенттеріне арналған дәстүрлі салтанатты жиын «Білім күні. Бейбітшілік күні!» өтті. Бұл шара студенттерді, оқытушыларды және ата-аналарды біріктіріп, достық пен қолдау атмосферасын қалыптастырды. Колледж директоры А.П.Фурманюк құттықтау сөз сөйлеп, баршаңызды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, бірінші курс студенттеріне оқуда сәттілік тіледі.

22.08.2025
Таза Қазақстан 2025

2025 жылғы 22 тамыз күні Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің 4-курс студенттері «Таза Қазақстан» акциясына қатысты.
Іс-шараның басты мақсаты – экологиялық жағдайды жақсарту және қазақстандықтарда табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру.
Мектеп оқушылары мен басқа да студенттермен бірге біздің жігіттер қала абаттандыруына үлес қосты: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті саябағы аумағын қураған жапырақтар мен қоқыстан тазалады.
Бірлескен күш-жігердің арқасында студенттеріміз 15 қап қоқыс жинады!
Мұндай акциялар адамдарды біріктіреді, қаламызды таза етеді және әрқайсымызға қоршаған ортаға қамқорлық жасаудың маңыздылығын түсінуге көмектеседі.

Дылдина Полина Андреевна – әлеуметтік педагог.
19.06.2025
СҚО-да пилоттық жобаны іске асыру әдістері мен жолдарын талқылау

Қазақстан Республикасының Парламенті Сенаты қазіргі уақытта мемлекеттік органдармен бірлесіп, отандық машина жасау саласын қолдау мәселелері бойынша ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының тапсырмаларын іске асыру жұмыстарын жүргізуде. Машина жасау саласы үшін жұмысшы кадрларды даярлау мақсатында Сенаттың Конструкторлық бюросының жұмыс тобы құрылған.

2025 жылғы 19 маусымда дуальді оқытуды енгізу жөніндегі ұлттық бастаманы іске асыру аясында пилоттық жобаға қатысушы Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің базасында Қазақстан машина жасаушылар одағы атқарушы дирекциясының директоры Т.К.Базарбеков пен «Қазақстанның өнеркәсіпті дамыту институты» ЖШС директоры М.М.Идрисовтың қатысуымен жұмыс кездесуі өтті. Негізгі тақырып – Солтүстік Қазақстан облысында пилоттық жобаны іске асыру әдістері мен жолдарын талқылау болды.

Дөңгелек үстел жұмысына өңірдің жетекші машина жасау кәсіпорындарының өкілдері: «Авагро» ЖШС, «Мунаймаш» АҚ, «КазТехМаш машина жасау зауыты» ЖШС, «СТ Assembly» ЖШС, «ЗМО» ЖШС, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан Satbayev University, СҚО Білім басқармасы мен қала колледждерінің өкілдері қатысты. Талқылау барысында өңірдің машина жасау саласын дамытуға қатысты маңызды мәселелер қаралды. Әсіресе кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, инновациялық технологияларды енгізу, сондай-ақ дуальді оқыту қағидаттарына негізделген – білім беру мекемелері мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың тығыз өзара іс-қимылы арқылы білікті кадрларды даярлау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Іс-шара соңында колледждің өндірістік цехтары мен оқу зертханаларына экскурсия ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелге қатысушылар СҚО Білім басқармасына іс-шараны ұйымдастырғаны үшін және Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжіне алаң ұсынғаны үшін алғыстарын білдірді.

17.06.2025
Петропавл қаласында ҚР Президентінің кеңесшісі жастармен кездесті

2025 жылғы 17 маусымда Петропавл қаласындағы Байкен Әшімов атындағы машина жасау және көлік колледжінде Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Малик Нұржанұлы Отарбаев Петропавл қаласы колледждерінің студенттері мен педагогтарымен кездесті. Жұмыс сапары аясында Малик Нұржанұлы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 14 наурызда өткен Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында жариялаған баяндамасының негізгі тұстарын түсіндіріп өтті. Өз сөзінде ол жастардың елдің қоғамдық өміріне белсенді қатысуының, азаматтық жауапкершіліктің артуының және адами капиталды дамытудың маңыздылығын атап өтті. Кездесуге қатысушылар кеңесшіге өзекті сұрақтарын қойып, өңірдегі жастар саясаты мен білім беру саласына көрсетіліп жатқан көңіл үшін алғыстарын білдірді.

16.06.2025
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы

Құттықтаймыз Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің құрамасын Солтүстік Қазақстан облысының ТжКБ ұйымдары арасында 1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ұлан» әскери-спорттық көпсайысы бойынша облыстық мамандандырылған спартакиадада жалпыкомандалық ???? үшінші орын алуымен құттықтаймыз!

Құраманың қатысушылары:

Алхимов Р.А. – Л-22 тобы, Бубняк Д.В. – Д-11 тобы, Еремушкина А.К. – Д-21 тобы, Калмыков А.В. – С-11 тобы, Кутузова М.Е. – ПО-11 тобы, Пытьев Р.А. – Л-22 тобы, Ралло А.В. – ПО-11 тобы, Терещенко Е.А. – Л-11 тобы, Швецова Ю.С. – Б-11 тобы.

Страница 47 из 445