12.12.12 жылы Петропавл темір жол көлігі колледжінің акт залында Б-21, Д-22, Д-23, В-12, В-22, Т-33 топтардың қатысуымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Гүлдене бер, Қазақстаным, туған жерім» атты сынып сағаты өткізілді.
Шараның мақсаты: оқушылардың өз туған жеріне, Отанына, мемлекеттік тілге, нышандарға деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Іс-шараны ұйымдастырғандар жалпы гуманирарлық пән оқытушылары Жамұлдинова Р.С., Ақышова Д.Ж..
14 қарашадан бастап 17 қарашаға дейін Астанада «Жас Отан» жастар қанатының Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен ІІ съезді өтті.
Съезд жұмысына Солтүстік Қазақстан облысының делегациясы қатысып, оның құрамына Петропавл темір жол көлігі колледжінің оқушысы Айжан Крекешева (Т-31 топ) кірді.
2012 жылғы 20 қараша Айжан құрметті қонақтар Ж.К.Ахметова және К.К.Сәдуов шақырылған «Президент келбеті арқылы ел келбеті» дөңгелек үстелінің жұмысына қатысып, онда өткен съезден алған әсерімен бөлісті.
2012 жылғы 24 қараша күні Погодин атындағы орыс драма театрында Солтүстік Қазақстан облысының жастар форумы өтіп, онда облыс әкімі С.С.Біләлов жас буынның үздік өкілдерін марапаттады.
Марапатталғандарды арасында Петропавл темір жол көлігі колледжінің оқушысы Б.Әбдірахманова (Т-31 топ) бар. Бәтима «Алғыс» ӘПК жауынгері болып табылады, бірнеше мәрте Халықаралық Естелік вахтасына (Ресей Федерациясының Новгород және Тула облысы) қатысты.
Іздеу жұмысы үшін Бәтима Петропавл қ. «Алтын кітабына» енгізілді.
В-32 топ оқушысы Қалиқов Думан «Менің арманым- Қазақстанда еңбек ету» атты облыстық шығармалар байқауында 2 орын иеленді.
Қатысушыларды марапаттау 29.11.12 ж Погодин атындағы орыс драма театрында өтті.
2012 жылғы 24 қараша күні Петропавл темір жол көлігі колледжінде «Электрмен жабдықтау» және «Көтеріп-тасымалдағыш, құрылыс, жол машиналары мен жабдығына техникалық қызмет көрсету» Мамандықтарының апталығы мәресіне жетті.
Апталық шеңберінде ғылым мен техниканың жетістіктерінен көрініс берген техникалық бюллетеньдер көрмесі, нанотехнологияларға арналған электроника мен жол машиналары бойынша конференциялар, «Темір жолдардың жалпы курсы» және «Электрлік машиналар» пәндері бойынша ойын сабақтары өткізілді.
Колледж оқушылары оқытушы Б.В.Шипулин мен Р.В.Медведенко өткізген «Бізді қоршаған электр» викторинасына белсене қатысты.
Оқушылар оқытушы Р.Х.Курбанов пен В.А.Симонов өткізген «Инженерлік графика» пәні бойынша олимпиадаға, оқытушы А.И.Стагнеевтің жетекшілігімен өткен жылдам дәнекерлеу байқауына белсене қатыса отырып, алған білімдерін тәжірибеде қолдана алатындарын көпшіліктің назарына салды.