ҚАЗ РУС
Сенім телефондары






24.09.2025
Сұрақ-жауап сағаты «Еңбекпен ұлы да даңқты адам!»

2025 жылғы 24 қыркүйекте Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің кітапханасында Жұмысшы мамандықтары жылы аясында «Еңбекпен ұлы да даңқты адам!» атты сұрақ-жауап сағаты өткізілді.

Іс-шараның мақсаты: таңдалған мамандыққа деген қызығушылықты арттыру, студенттерде кәсіби құндылықтарды тәрбиелеу, еңбекке оң көзқарас қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерді, зияткерлік және рухани-адамгершілік дамуды жетілдіру.

Қыркүйек айының соңғы жексенбісінде Қазақстанда 2013 жылғы қарашада Республика Президентінің Жарлығымен белгіленген Еңбек күні атап өтіледі. Бұл мерекенің мақсаты – жұмысшы мамандықтарына құрмет дәстүрін жаңғырту және еңбектің маңыздылығын түсіну.

Еңбек – адам өмірінің мәні, оның маңызын асыра бағалау мүмкін емес. Еңбек бізге тек материалдық игілікті ғана емес, сондай-ақ қанағат сезімін, өзін-өзі растауды және өзін-өзі жүзеге асыруды сыйлайды. Ол біздің тұлғалық дамуымызды қалыптастырады, қабілеттерімізді, дағдыларымызды және таланттарымызды ашуға көмектеседі.

Іс-шара барысында С-11 тобының студенттері таңдаған мамандықтың пайда болу және қалыптасу тарихын, өндірістегі қолданылу аясын білді. «Тарих беттерінен» атты викторина тапсырмаларын тамаша орындап шықты. Шығармашылық тапсырмаларды орындап, «Мақалды жалғастыр», «Дәйексөзді шеш», «Мамандықты өлеңмен әңгімелейміз», «Құпия хат» конкурстарында өзіндік ерекшеліктерін, тапқырлықтарын, зеректіліктерін көрсетті.

Іс-шара барысында слайдтар көрсетіліп, «Барлық мамандық маңызды: дәнекерлеуші» атты бейнефильм ұсынылды. Оқу залында «Әр мамандық – ең маңыздысы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды

Таран Т.А. – кітапханашы

24.09.2025
"Жас көшбасшы мектебі" семинар-тренингі

2025 жылдың 24 қыркүйегінде Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің 1 курс старосталары үшін "Жас көшбасшы мектебі" семинар-тренингі өткізілді.

Іс-шара көшбасшылық әлеуетті дамыту және Student Parliament Club жаңа жиынтығының белсенділерін біріктіру мақсатында өзін-өзі басқару шеңберінде ұйымдастырылды.

Тренинг эмпатияны біріктіру және дамыту ойындары, топта жұмыс істеу және сындарлы пікірталас жүргізу дағдыларын нығайтуға арналған тапсырмалар түрінде өтті.

Подоляник А.А. – жастар ісі жөніндегі инспектор

24.09.2025
"CББ станоктарындағы фрезерлік жұмыстар" құзыреттілігі бойынша мастер-класс

2025–2026 оқу жылындағы Еңбек күніне арналған іс-шаралар жоспары аясында Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде «СББ станоктарындағы фрезерлік жұмыстар» құзыреттілігі бойынша мастер-класс ұйымдастырылды.

Мастер-класс СББ зертханасында оқу-өндірістік жұмыстар жөніндегі директордың орынбасары П.В.Сенькин және «СББ станоктарындағы токарлық жұмыстар» құзыреттілік орталығының жетекшісі М.М.Сущиктің жетекшілігімен өтті.

Іс-шараға бітіруші топтың студенттері: Кривушин Александр, Шабанов Василий, Бахвалов Данил қатысты. Қатысушылар заманауи жабдықтарда жұмыс істеу дағдыларын көрсетіп, бөлшектерді өңдеу технологиялық процесін таныстырып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Мастер-класс 2-курс студенттеріне арналды.

Шустова Т.А. – директорды ОТЖ жөніндегі орынбасары

24.09.2025
Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі диалог алаңы

2025 жылғы 24 қыркүйекте Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің студенттері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға арналған диалог алаңы ұйымдастырылды.

Іс-шара Петропавл қаласы әкімі аппараты ішкі саясат бөлімі мен «Демеу» бала мәселелері жөніндегі үйлестіру орталығы» ЖКЕМ әлеуметтік тапсырысы аясында өтті. Оған 130 студент қатысты.

Спикер С.Н.Зайцева «Сыбайлас жемқорлық – құқықтық және әлеуметтік жағымсыз құбылыс» тақырыбында баяндама жасады. Ашық диалог барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жолдары, бұл құбылыстың пайда болу себептері мен жағдайлары, жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы рөлі талқыланды.

Спикер Л.А.Трошина «Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл: жастардың радикалдануының алдын алудағы отбасының рөлі» тақырыбын ашып көрсетті. Діни қауіпсіздік мәселелері, деструктивті идеологиялардың жастарға әсері, сондай-ақ отбасылық тәрбиенің радикалды көзқарастарға төзімділікті қалыптастырудағы маңызы қарастырылды.

Жастар тәрбиесінің идеалы – «Адал азамат». Бұл адал еңбекті және қоғамдық игілікті бірінші орынға қоятын, әділ де адал азаматтарды тәрбиелеуге ықпал етеді. Мұндай азаматтарды қалыптастыру жауапкершілік пен адалдық, еңбекқорлық пен кәсібилік, жасампаздық пен жаңашылдық сияқты құндылықтарды дамыту арқылы мүмкін болады.

Подоляник А.А. – жастар ісі жөніндегі инспектор

23.09.2025
Қорлау – ар-намыс пен қадір-қасиетті таптау, буллинг пен кибербуллинг

2025 жылдың 23 қыркүйегінде Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде Б-11 тобы үшін «Буллинг және кибербуллинг» атты маңызды тақырыпта сабақ ұйымдастырылды.

Студенттер мынадай мәліметтер алды: ▪ буллингтің не екені және оның онлайн түрі – кибербуллинг туралы; ▪ Қазақстан Республикасының осындай көріністерден әрбір азаматты қорғайтын заңдары жайлы; ▪ егер өзіңіз немесе достарыңыз агрессияға тап болсаңыз, қалай әрекет ету керектігі жөнінде.

Студенттермен бірге буллингке қарсы күрес ережелері жасалды. Бұл ережелер ұжымда қауіпсіз әрі достық ахуал қалыптастыруға көмектеседі.

Дылдина П.А. – әлеуметтік педагог

Страница 41 из 445