28 сәуір күні Петропавл темір жол көлігі колледжінің В-11 топ студенттері «Чернобыль қасіреті. 1986 жыл» атты мұражайлық сабаққа қатысты.
2016 жылғы 26 сәуір күні Чернобыль АЭС-ндағы апатқа 30 жыл толды. Сол күні атом электр станциясының төртінші энергия блогында қатты жарылыс болып, нәтижесінде радиоактивті заттар шығып, Украин КСР, Белорус КСР және РКФСР жеріне тарады. Чернобыль қасіретінің салдарынан 2 млн. астам адам зардап шегіп, ондаған адам радиацияның жоғары мөлшерінен қаза тапты.
Солтүстікқазақстандықтар Чернобыль АЭС-ндағы апаттың зардабын жоюға оның барлық кезеңдерінде– станциядағы өртті сөндіруге де, тас табытын салуға да, қатерсіздендіруге де, адамдарды көшіруге де қатысты...
Курчатовск радиология институтының соңғы санағы бойынша Қазақстанда 600 мың апат зардабын жоюшының 6 мың 632-сі ғана қалған. 3 мыңға жақын солтүстікқазақстандық Чернобыльде болып келген. Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысында 370 қатысушы бар, олардың ішінде Петропавл қаласында тұратындар – 138 адам.
2014 жылғы 01 қыркүйекте елімізде «Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар тұлғалардың мүлікті жария етуіне байланысты оларға рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ресми түрде капитал мен мүлікті жария ету басталды.
Мүлікті жария ету дегеніміз - табысты жасыру мақсатында заңды экономикалық айналымнан шығарылған және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген не тиесілі емес тұлғаға ресімделген мүлікке құқықтарды мемлекеттің тану рәсімі.
Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев мүлікті жария етудің соңғы мүмкіндігін пайдалануға шақырды және жария ету бойынша өткізіліп отырған науқан соңғы болатынын хабарлады.
«Бұған дейінгі талпыныстарға қарағанда бұл науқан жалпыға бірдей дерлік мағлұмдау енгізілгенге дейін әрекет етуі тиіс. Бағдарламаның жылдамдығын, құпиялылығын, объективтілігін, нарықтылығын қамтамасыз ету қажет» - деді Мемлекет Басшысы.
Қазақстанда жария ету екі мәрте өткізілді. 2001 жылы ақшаны жария ету өтті. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің деректері бойынша оның барысында заңды айналымға 480 миллионнан астам АҚШ доллары қайтарылды.
2006-2007 жылдары ақшадан басқа жылжымалы және жылжымайтын мүлік те жария етілді. Ақша түрінде науқаннан түскен пайда шамамен 845 миллиард теңгені немесе 7 миллиардқа жуық АҚШ долларын құрады, яғни сол жылдың ЖІӨ-іне шаққанда 8,3 пайыз болды. Екінші науқанның тағы бір ерекшелігі жария еткені үшін алым жиналды. Соның арқасында ел бюджетіне шамамен 60 миллиард теңге түсті.
Бұл жария ету науқанының ерекшелігі - жария ету науқанының біріншісінде тек банк шоттарындағы ақшаны, екіншісінде мүлік пен ақшаны көрсету мақсаты көзделсе, бүгінгі жария ету науқанында жария етілетін ақшалар табыс болып танылмайды, оларға ешқандай салық салынбайды, бірақ бұл ақша банк шоттарына түсуі және экономика барысында, атап айқтанда бес жыл ішінде жұмыс істеуі керек немесе олар заңды инвестициялық құралдарға жіберілуі мүмкін.
Жария ету нәтижелерінен мемлекет сыртқы және ішкі қор көздерінен жұмыс істемейтін қаражат түсімін күтуде, ол экономиканы кредиттеуді арттыруға, көлеңкелі айналым көлемін азайтуға негіз болады, сондай-ақ Қазақстан азаматтары үшін де, жалпы ел экономикасының дамуы үшін оң әсер ететін бюджет түсімдерінің ұлғаюына ашады.
Петропавл темір жол көлігі колледжінің студенттері облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлері ұйымдастырған «Жас қорғаушы» әскери-спорттық ойынына қатысты.
2016 жылғы 28 сәуір күні Петропавл темір жол көлігі колледжінің спорт залында Батыр күніне арналған «Отан жауынгері» ашық әскери-спорттық жарыстары өткізілді. Жарыстарды ұйымдастыру және өткізумен Петропавл темір жол көлігі колледжінің АӘД оқытушысы-ұйымдастырушысы В.В. Гутевич айналысты.
Жарыстарға Петропавл темір жол көлігі колледжінің, М. Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжінің, Солтүстік Қазақстан медициналық колледжінің командалары қатысты. Командалар дәл көздеп атудан, АК-47 автоматын бұзу және жинаудан, газқағар мен ОЗК киюден, белтемірде тартылудан бақтарын сынады.
Табанды күресте 92 ұпай нәтижесімен Петропавл темір жол көлігі колледжінің командасы жеңіске жетті, екінші орынды М. Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжінің командасы (85 ұпай), үшінші орынды Солтүстік Қазақстан медициналық колледжінің командасы (68 ұпай) иеленді.
Іс-шараға ҚР ҚК ардагері интернационалист жауынгер запастағы прапорщик П. П. Цвингер келді, көрермендер шақырылды.
2016 жылғы 28 сәуір күні Петропавл темір жол көлігі колледжінің кітапханасында кітапханашы С.А. Махина «EXPO-2017» – табысқа апарар жол» атты дөңгелек үстел өткізді.
2017 ж. EXPO-2017 тұңғыш рет Еуразия континентінің дәл ортасында орын тебеді. Астанадағы дүниежүзілік көрме әлемдік қоғамдастық үшін өзекті болып табылатын «Болашақ энергиясы» тақырыбында өтеді. EXPO-2017 көрмесіне 100-ден астам елдің өкілдері, 2 миллионнан астам көрермен қатысады деп күтілуде, олардың әрқайсы болжам бойынша 2 және одан да көп рет көрмеге келеді.
Іс-шараны өткізуге В-21 (сынып жетекшісі П. Г. Вирко) және Л-23 (сынып жетекшісі Д. В. Кириллов) топ студенттері қатысты.
Студенттерге алда тұрған оқиға туралы ақпарат берілді. Іс-шараны өткізу барысында интербелсенді тақтада «Астана - болашақ ЕХРО–2017 қаласы», «EXPO-2017-ге арналған «Сфера» ғимараты қандай болады», «Сапро–НАТ» ЖШС репортажы» бейнефильмдері көрсетілді.
Кітапхананың оқу залында «ЭКСПО-2017 – Қазақстанның болашағы - «болашақ энергиясы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.