ҚАЗ РУС
Сенім телефондары






22.01.2013
Облыстық оқытушылар әдістемелік бірлестігінің бірлескен отырысы

2013 жылғы 18 қаңтар Петропавл темір жол көлігі колледжінде колледждердің жалпытехникалық, құрылыс және экономикалық мамандықтар арнайы пәндерінің оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері әдістемелік бірлестігінің бірлескен отырысы өтті.

Отырыстың тақырыбы: «ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» СТРАТЕГИЯСЫ»: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы аясында облыстың техникалық және кәсіптік білім жүйесінің бәсекеге қабілетті маманын дайындаудағы оқытудың инновациялық технологиялары».

Отырыстың мақсаты: педагогикалық тәжірибедегі оқытудың инновациялық технологияларымен бөлісу және енгізу, техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту және жетілдіру.

Отырыс барысында Солтүстік Қазақстан облысының жетекші оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің мәлімдемелері, тұсаукесерлері жасалды, тренингтері, шеберлік кластары өткізілді.

Фотогалерея>>

18.01.2013
Дөңгелек үстел «Қазақстанның темір жол көлігі: саланың жаңа межелері»

2013 жылғы 15 қаңтар күні кітапхананың оқу залында Д-23 топтың (сынып жетекшісі Р.Х.Курбанов), Д-21 және Д-22 топтардың (сынып жетекшісі Ж.Ө.Әділбаева) қатысуымен Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан – 2050 стратегиясы»: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауының басымдықтарын талқылау бойынша «Қазақстанның темір жол көлігі: саланың жаңа межелері» - «Железнодорожный транспорт Казахстана: новые рубежи отрасли» атты дөңгелек үстел өтті.

Талқылау барысында кәсіптік-техникалық білімді жаңғырту бойынша негізгі міндеттер қарастырылды, сондай-ақ елдің алдында Қазақстан темір жолы саласында тұрған міндеттерге назар аударылды.

Елдің жаңа саяси бағытының маңыздылығын ескере отырып, іс-шараға қатысушылар «Қазақстан – 2050 стратегиясы» - болашақ ұрпақ үшін бағдар екендігін және елді 2050 жылға дейін дамытудың жоспарлары мен стратегиялық мақсаттарын орындау жолында өздерінің дәйекті және қажырлы еңбек етулері керек екендігін атап өтті.

Фотогалерея>>

18.01.2013
Республикалық «Алматыдағы қысқы ертегі» фестиваль-байқауы

06.01.2013 ж. Алматыда республикалық «Алматыдағы қысқы ертегі» фестиваль-байқауы өтті.

Байқауға «Радуга» би ұжымы («Солтүстік Қазақстан облысының Мамлют өнер мектебі) қатысты, оның құрамында Петропавл темір жол көлігі колледжінің оқушысы Медведев Ярослав (гр. Л-11) өнер көрсетті.

Ярослав «Хореография» (жоғарғы буын) номинациясында І орынды иеленді және Дипломмен марапатталды.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Фотогалерея>>

15.12.2012
Оқушылардың кәсіптік даярлық деңгейлерін бағалау

2012 жылғы 12-13 желтоқсан «Республикалық техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту және біліктілік беру ғылыми-әдістемелік орталығы» РМК Петропавл темір жол көлігі колледжінде Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 28 бабына сәйкес «Көтеріп-тасымалдағыш, құрылыс, жол машиналары мен жабдығын техникалық пайдалану» және «Жылу техникасы жабдығы мен жылумен қамтамасыздандыру жүйелері» мамандықтары оқушыларының кәсіби даярлық деңгейлерін бағалауды өткізді.

Кәсіби даярлық деңгейлерін бағалау төмендегілерді ескереді:

1. Аталған мамандықтар бойынша теориялық тестілеу;

2. Біліктілік жұмысын орындау (тәжірибелік тестілеу).

Тестілеуге 79 оқушы қатысты.

Фотогалерея>>

15.12.2012
«Менің Тәуелсіз Қазақстаным» қабырға газеті байқауы

13.12.12 жылы Петропавл темір жол көлігі колледжінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Менің Тәуелсіз Қазақстаным» тақырыбына қабырға газеті байқауы өтті.

Байқауға I және II курс оқушылары қатысты.

Әділқазылар алқасының мүшелеріне: Директордың тілдерді дамыту жөніндегі орынбасары И.Т.Қазиева, жалпыгуманитарлық пәндер төрайымы Н.А.Бегімова, қазақ тілі пәні мұғалімі Ж.С.Мусина кірді.

Байқаудың нәтижесі бойынша:

I орын – Л-23 топ;

II орын – Т-21 топ;

III орын – ДМ-22 топ.

Сонымен қатар әділқазылар алқасы ДМ-11,Э-11, Д-23 топтардың қабырға газеттерін ерекше атап өтті.

Жарайсыңдар! Құттықтаймыз!

Фотогалерея>>

Страница 395 из 398