ҚАЗ РУС
Сенім телефондары






14.10.2017
«PROFENERGY» жобасы

«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ 2015 жылдан бастап жыл сайынғы «PROFENERGY» жобасын өткізеді. Сайыстың мақсаты болашақ энергетиктерді ғылыми-зерттеу қызметіне ынталандыру, сондай-ақ аса дарынды, белсенді студенттерді энергетикалық кешен кәсіпорындарына қатыстыру болып табылады.

Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл темір жол көлігі колледжінің ІІІ курс студенті Першутин Игорь 2017 жылы атаулы корпоративті стипендияға ие болды. Игорь «Жылу техникасы жабдығы мен жылумен қамтамасыздандыру жүйелері» мамандығында оқиды және болашақта «Петропавл Жылу жүйелері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде еңбек етемін деп жоспарлайды. Игорь ғылыми жұмыстың тақырыбы үшін Петропавл қаласының жылу жүйелері тозудың жоғары деңгейін төмендетудің өзекті мәселесін таңдады.

«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ бас директорының м.а. Алла Язовская және компанияның қызметкерлермен жұмыс жөніндегі басқармасының бастығы Нелли Ким стипендия жеңімпазын құттықтады.

Игорь жазғы демалыс кезінде жылу жүйелері кәсіпорына жұмысқа орналастырылды, таңдаған мамандықтағы тәжірибе жинап, теплоэнергетик дағдыларын меңгеріп алды.

«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ келесі ғылыми конкурс 2018 жылы басталады. Бұл конкурсқа бейінді мамандықтар студентері қатыса алады.

Подробнее
11.10.2017
«Дарын стихиясы» атты әдеби сағат

2017 жылғы 11 қазан күні Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің кітапханасында қазақтың ұлы жазушысы, «Абай жолы» өшпес романының авторы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің туғанына 120 жыл толу құрметіне арналған «Дарын стихиясы» атты әдеби кеш өткізілді. Іс-шараны кітапханашы Б. Ж. Нұртазина ұйымдастырды.

Биыл Қазақстан көрнекті сөз шебері, ғұлама ғалым, қоғам қайраткері Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің 120 жылдығы атап өтілуде.

Мұхтар Әуезовтің өшпес шығармалары қазақ әдебиетінің тарихына алтын әріптермен жазылды және халықтың шын сүйіспеншілігіне, көпшілік құрметіне бөленді. Мұхтар Әуезов қаламынан көптеген шығарма туды. Шығармаладың жалпы жинағына 50 том енді. Қаламгердің негізгі туындылары «Әр жылдар ойлары» атты кітабында жиналған.

Автордың алғашқы туындысы – «Еңлік-Кебек» – қос ғашықтың махаббатын жыр ететін шығарма. «Абай жолы» – Мұхтар Әуезовтың әлемге әйгілі роман-эпопеясы. Онда ХІХ ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ халқының өмірі мен тұрмысы көрсетілген. Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері М. Әуезов Ленин, Сталин сыйлықтардың лауреаты (1959) атанды.

Іс-шараны өткізуге СГО-11 топ (сынып жетекшісі Құсайынова А. З.) және ОВМ-11 топ студенттері (сынып жетекшісі Жамулдинова Р. С.) қатысты.

Іс-шараның барысында «Мұхтар Әуезов – қажылар руынан шыққан классик», «Есімдер – Мұхтар Әуезов» А. Енсеповтың «Балалық шақ» күйі, Н. Өнербаевтың «Жан аға» атты бейнебаяндар көрсетілді. Кітапхана залында «Аңыз адам» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Подробнее
05.10.2017
«Мейiрiмдiлiк пен түсiнiстiкке жол ашық» атты мүмкiндiгi шектеулi адамдар шығармашылығының облыстық фестивалi

Б. Әшімов атындағы Петропавл темір жол көлігі колледжінің І курс студенттері 2017 жылғы 5 қазан күнi Жастар сарайында өткен «Мейiрiмдiлiк пен түсiнiстiкке жол ашық» атты мүмкiндiгi шектеулi адамдар шығармашылығының облыстық фестивалiне қатысты.

Мүмкiндiгi шектеулi жандарды қоғамға бейiмдеп, олардың еңсесiн тiктеп, өзгелер секiлдi өмiр сүрулерiне қолайлы жағдай жасау, оларға қолдау көрсету, шығармашылығын бағалау, ынталандыру арқылы оларды әлеуметтiк бейiмделуiне жәрдемдесу, мүгедек адамдардың өмiрi мен мәдениетiне қоғамның назарын аудару, оң көзқарасын қалыптастыру, шығармашылық қабiлетiн дамыту мақсатында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы және облыстық халық шығармашылығы және мәдени-бос уақыт қызметiнiң орталығымен бірлесіп «Мейiрiмдiлiк пен түсiнiстiкке жол ашық» атты мүмкiндiгi шектеулi адамдар шығармашылығының облыстық фестивалiн өткiздi.

Фестивальға өңiрiмiздiң 13 ауданы мен Петропавл қаласының әлеуметтiк мекемелерi қатысты.

Подробнее
29.09.2017
«Отан Қорғаушы-2017» облыстық слеті

2017 жылғы 29 қыркүйек күні ҚР Ұлттық ұланы 6637 Әскери бөлімінің алаңында СҚО әскери-патриоттық және әскери-спорттық клубтарының облыстық слеті өтті.

Командалар әскериленген эстафетада, кермеде тартылуда және арқан тартуда күш сынасты. Петропавл теміржол көлігі колледжінің командасы арқан тарту бойынша І орынды және жалпы командалық есепте ІІІ орынды иеленді. Колледж командасының құрамына кірген студенттер: Криворучик Алексей, Масенко Илья, Асташкин Кирилл, Бакшеев Олег, Языков Константин, Васильев Данил. Жеңімпаздарға дипломдар, кубоктар, медальдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Слетке қатысушыларға түскі асқа жауынгер ботқасын беру және әскери техниканы көрсету ұйымдастырылды.

28.09.2017
«Ізгі істер жасағым келеді» әдеби-поэзия сағаты

2017 жылғы 28 қыркүйек күні Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің кітапханасында кітапханашы Т. А. Таран С. Торайғыровтың шығармашылығына арналған «Ізгі істер жасағым келеді» әдеби-поэзия сағатын өткізді.

Іс-шараны өткізуге ПВ-11 (сынып жетекшісі Т.А. Михеева) және ПМ-11 (сынып жетекшісі Д.В. Кириллов) қатысты.

Іс-шара барысында студенттер «Бір ел - бір кітап» республикалық акциясының аясында 2017 жылы Қазақстанда жалпыға бірдей оқуға жылдың басты кітабы болып қазақ әдебиетінің тарихындағы белгілі ақын, жазушы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармалары таңдалғанын атап өтті. Оның өлеңдері ғылым шыңын бағындыруға, сауатты болуға шақырады, поэмалары мен романдарында өмірдің мәні, адамның шығармашылық күшіне терең сенім жайлы айтылған жолдар үн қатады. Оның болашаққа ұмтылған әдеби мұрасы адамгершілік пен Отанына деген риясыз махаббат идеясын жеткізеді.

Қатысушылар С. Торайғыровтың өлеңдерін қазақ және орыс тілдерінде оқыды. Интербелсенді тақтада «С. Торайғыров», «Буктрейлер по книге С.Торайгырова «Камар сулу» бейнефильмдері көрсетілді. Кітапхананың оқу залында «Қазақ поэзиясының жарық жұлдызы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Подробнее
Страница 328 из 393