ҚАЗ ❘ РУС
Сенім телефондары






12.03.2021
«Қалай бәсекеге қабілетті маман болу керек?» дөңгелек үстелі

2021 жылдың 12 наурызында Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінде оқытушы Г. М. Жармуканова «Қалай бәсекеге қабілетті маман болу керек?» дөңгелек үстелін өткізді.

Әр түрлі мамандықтар бойынша I курс студенттері өзекті тақырыпты талқылады (Д-11, Л–11, Б–11, В-11топтары). Студенттер іскерлік ойынға, пікірталасқа белсенді қатысты.

Дөңгелек үстел жұмысына бөлімше меңгерушілері Задорожная Р. А., Глумова А. Г., әлеуметтік педагог Левченко О. С. қатысты.

12.03.2021
Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі

2021 жылғы 12 наурызда Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінде жыл сайынғы бос орындар жәрмеңкесі өтті, онда колледж түлектеріне жұмысқа орналасуға, жас мамандар үшін қызықты, перспективалы жұмыс іздеуге, жұмыс берушілерге – жаңа кадрлар іріктеуге көмек көрсетіледі. 100-ден астам түлек жұмыс орнын таңдады. Жас мамандарға тиімді әлеуметтік пакеттер, тұрақты жалақы және мансаптық өсу ұсынылды. Құрылыс ұйымдарының 18 өкілі өз нысандары, еңбек және төлем шарттары туралы презентациялар дайындады. Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл темір жол көлігі колледжінің түлектері бос орындар жәрмеңкесіне белсенді қатысты.

11.03.2021
«Латын әліпбиі – өзекті мәселе» эссе байқауы

2021 жылдың 11 наурызында Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы А.К. Қабденова «Латын әліпбиі – өзекті мәселе» атты эссе байқауын өткізді.

Байқауға Б-11, Д-11, ДСП-11, Л-11, Т-11, Э-11 студенттері қатысты. Іс-шара Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты мамандарының латын әліпбиіне көшуге байланысты ел қандай артықшылықтарға ие болатыны, филологтар бұл жұмыста қандай проблемаларға тап болатыны және жаңа әліпби қандай болатыны туралы пікірін қамтитын бейнематериалды көруден басталды.

Студенттер қазақ тілін жақсы меңгергендерін көрсетті. Сондай-ақ, қатысушыларға өз эссесінен үзіндіні аудитория алдында оқуға мүмкіндік берілді. Қазылар алқасы логикалық, танымдық мазмұнды, әдебиеттілікті, көркемдік пен сауаттылықты бағалады. Конкурста барлығы оннан астам эссе қаралды. Келесі студенттердің жұмыстары үздік деп танылды:

1 орын – Земляная Яна (Д-11 т.);

2 орын – Ткач Анна ( Б-11 т.);

3 орын – Гамова Татьяна (Б-11 т.), Аниев Дамир (Л-11 т.);

4 орын – Фенинг Алина (Д-11 т.).

10.03.2021
«Sanaly urpaq» құқықтық клубының отырысы

2021 жылдың 10 наурызында Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінде «Sanaly urpaq» құқықтық клубының кезекті отырысы өтті. Клуб өкілдері «Прокурордың 100 кеңесі» практикалық кеңестерінің кітап-жинағын талқылауға қатысты. Кітапты жасау идеясының авторы және оның редакторы Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Департамент бастығы Қ.А. Игембаев болып табылады. Кітапты Бас прокуратураның орталық аппараты қызметкерлерінің тобы әзірледі. Онда азаматтарды қызықтыратын өзекті мәселелер қаралып, жеңіл және қолжетімді жауаптар берілді. Кітапта азаматтарға прокурорлық тәжірибеге сүйене отырып, белгілі бір жағдайларда заңның үстемдігі негізінде қалай әрекет ету туралы ұсыныстар берілген.

Д-23 тобының студенттері Алена Вечер, Карина Карташова, Ерлан Киккаринов, Елена Житникова сөз сөйлеуге белсенді қатысты.

08.03.2021
8 наурыз-Халықаралық әйелдер күні!

Көктемнің алғашқы күндерінің

8 наурыз ең қымбатты.

Бүкіл жер бетінің халқы үшін,

Әйел көктемдей сымбатты.

Сүйкімді де, сұлу жандар!

Сіздерді күнтізбедегі ең әдемі және романтикалық мереке - Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Әрбір жаңа күн сізге қуаныш пен бақыт әкелсін, тек жағымды және есте қаларлық оқиғаларға толы болсын! Сізге көбірек армандауды, ең батыл тілектерді жасауды және барлық жоспарларға қол жеткізуді тілейміз!

Шын жүректен көктемнің нәзіктігі мен көктемгі гүлдердің қайталанбас сұлулығы сіздің жаныңызды жылулық пен қуанышқа толтыруын тілейміз, ал сәттілік барлық жерде адал серік болады! Айналаңыздағыларға өз сұлулығыңызды сыйлаңыз, сүйіңіз және сүйікті болыңыз!

Мерекелеріңізбен!

Страница 313 из 475