ҚАЗ РУС
Сенім телефондары






15.05.2018
Жекпе-жек бойынша Чемпионат

10-13 мамырда Қазақстанда Жекпе-жек чемпионаты өтті. Жекпе-жек – жеке батырлар шайқасы, адамның күшін, шеберлігін, әдіс-айласын сынайтын бәсеке. Жекпе-жек өте керемет жарыс, себебі спортшылар түрлі жекпе-жектің техникасын пайдаланады.

Солтүстік Қазақстан облысының құрамына Сұңқар ММА күресшілер клубынан Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің студенті Ильясов Рүстем кірді.

Чемпионаттың қорытындысы бойынша Рүстем бірінші орынға ие болды (алтын) және қазір ол Әлемдік және Азия чемпионатына қатысады.

14.05.2018
«Қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік» тақырыбына әңгімелесу

2018 жылғы 14 мамырда Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің I курс студенттері Петропавл станциясы желілік полициясының ішкі бөлімі инспекторымен кездесті.

Инспектор «Қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік» тақырыбында әңгімелесіп, кәмелетке толмаған студенттер білуі қажет, Қылмыстық және Әкімшілік Кодекстің негізгі баптарын сипаттады. Кешкі уақытта кәмелетке толмаған балалардың болу мәселесіне және шағын бұзақылыққа арналған бапатарына жан-жақты сараптауға ерекше назар аударылды.

04.05.2018
«Әндер де шайқасты» музыкалық-поэтикалық сағаты

2018 жылдың 4-ші мамырында Бәйкен Әшімов атындағы кітапханасының қызметкері Т. А. Таран «Рухани жаңғыру» мақаласын іске асыру аясында Жеңіс күніне арналған «Әндер де шайқасты» музыкалық-поэтикалық сағатын өткізді.

Іс-шараға ДМ-21 және Д-11 топтарының студенттері қатысты.

Іс-шараның қатысушылары соғыстың алғашқы күндерінен бастап әннің жауынгерлер қатарына қосылып, Жеңіске дейін шаңды және түтінге оранған жолдармен жүргенін айтты. Ән сарбаздармен қайғы-қасіретті де, қуанышты да бөлісті, майдандық өмірдегі қиындықтарды жеңуге көмектесті, сарбаздардың жауынгерлік рухын көтерді, жаудың жек көруіне, ерлік, батылдық сезімдері мен әскери достығын дәріптеді. Жеңіс жолында бұл ән халыққа аштық пен суыққа қарсы тұруға көмектесті, жауды жеңуге күш берді. Ұлы Отан соғысының әндері әлі күнге дейін ардагерлердің жандарын қуантады және бүгінгі ұрпақтың жүрегінде де орын алады.

Іс-шара барысында өлеңдер орындалды, интерактивті тақтада «Священная война», «Темная ночь», «В землянке», «Катюша», «Журавли», «Победа» әндерінің бейнебаяндары көрсетілді. ДСП-11 тобының студенті З. Ахметова «А закаты алые» әнін орындады. Оқу залында «Айбын мен абырой мерекесі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Подробнее
04.05.2018
«Майданнан келген хаттар» атты интербелсенді іс-шара

Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің бірінші курс студенттері «Майданнан келген хаттар» атты интербелсенді іс-шараға қатысты.

Залдарда Ұлы Отан соғысы уақытындағы кемелердің суреттері мен үлгілері ұсынылды.

Іс-шара аясында студенттер үшін «Жеңіс хаты» шеберлік сағаты ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты: жасөспірімдер арасында жауынгер-жеңімпаздарды құрметтеу, патриотизм сезімін тәрбиелеу, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тарихи оқиғаларға ортақтастық сезімін қалыптастыру.

04.05.2018
«Ұлы Отан соғысы жылдарында солтүстік қазақстандықтар» мұражай сабағы

Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнін мерекелеу аясында облыстық өлкетану мұражайында Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің I курс студенттері қатысуымен «Ұлы Отан жылдарында солтүстік қазақстандықтар» атты мұражай сабағы өтті.

Іс-шараның мақсаты: студенттердің 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы оқиғалары, ҰОС майданында жанқиярлықпен күрескен біздің кейіпкер-жерлестеріміз, Солтүстік Қазақстан жауынгерлері туралы білімдерін кеңейту.

Страница 307 из 393