ҚАЗ ❘ РУС
Сенім телефондары






07.10.2021
«ТОЛЫҚ АДАМ» спектаклі

2021 жылдың 7 қазанында Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің студенттері санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, Сәбит Мұқанов атындағы Қазақ музыкалық-драма театрына барды. Балалар бар ықыластарымен "ТОЛЫҚ АДАМ" спектаклін тамашалады.

Абай өз шығармаларында надандық, жалқаулық, Сараңдық сияқты адамдардың жаман қылықтары туралы айтады. "ТОЛЫҚ АДАМ" спектаклінде фарс, гротеск және карикатура үйлесім тапқан.

Қанша уақыт өтсе де, Абай Құнанбаевтың сөздері бүгінгі күні де өзекті болып қала бермек.

"Абайды қаншалықты көп оқысаң, соншалықты терең ойлайсың", - деп есептейді студенттер.

Д.Т.Садыкова– қазақ тілі және әдебиеті оқытушысы

07.10.2021
«Алтын күз» күзгі кросы

2021 жылғы 7 қазанда Борки кентінде Солтүстік Қазақстан облысының колледждері арасында өткізілетін «Сұңқар» облыстық спартакиадасы шеңберінде күзгі кросс өтті.

Жарысқа облыстың 9 колледжі қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша Б.Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің командасы жалпыкомандалық үшінші орынға ие болды.

Колледж намысын келесі студенттер қорғады:

1. Шмидт Эмиль ТМ-31

2. Морхов Дмитрий гр. ЭМО-31

3. Кульбай Амир гр. Л-11

4. Рамазанов Алмаз гр.ЭМО-32

5. Чернышев Никита гр. Д-33

6. Самойленко Александра Д-11

7. Житникова Алена Д-33

8. Әбішева Әлия Д-21

9. Коваленко Виктория Д-41

10.Фенинг Алина Д-21

Студенттерге «Сұңқар» облыстық спартакиадасына қатысқаны және үшінші орын алғаны үшін үлкен алғысымызды білдіреміз.

Жарысқа қатысушылар тиісті дәрежедегі грамоталармен марапатталды.

Спортшыларымызды құттықтаймыз және алдағы жеңістер тілейміз!

А.М.Малахова - дене шынықтыру оқытушысы

07.10.2021
Студенттермен волонтерлікті дамыту және салауатты өмір салты мәселелері бойынша ақпараттық кездесу

А.ж. 7-ші қазанында Петропавл машина жасау және көлік колледжінде Б.Әшімова студенттермен волонтерлікті дамыту және салауатты өмір салты мәселелері бойынша ақпараттық кездесу өткізді.

Кездесу Петропавл қаласының Жастар ресурстық орталығы мен "№3 қалалық емхана" ШЖҚ КМК жастар денсаулық орталығының бірлескен іс-шараларының жоспары аясында өтті. Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Мыңбай Әлфараби Хусанұлы волонтерлік қызмет туралы айтып, балаларды волонтерлер қатарына қосылуға шақырды және салауатты өмір салтын қолдау бүгінгі жастар үшін қажет екендігіне назар аударды.

ШЖҚ "№3 қалалық емхана" КМК жастар денсаулық орталығының психологы Ермагамбетова Ғалия Есілбайқызы балаларды "стресс" ұғымымен таныстырды, стресстік жағдайларға қарсы тұру барлық адамдар үшін қажет екенін атап өтті және стресске қарсы күрес әдістерін келтірді. СӨС медбикесі Әбденова Қарлығаш Ғаббасқызы "Нашақорлықтың алдын алу" тақырыбында сөз сөйледі. Жастар қауіп-қатер тобы болып табылады, ол аса сезімтал, осыған байланысты қажетті алдын алу жұмыстары жүргізіледі. Кездесу соңында студенттерге ақпараттық материалдар таратылды.

Іс-шара барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды ескере отырып өтті.

О.С.Наумова– "Мархабат" еріктілер клубының жетекшісі, әлеуметтік педагог.

06.10.2021
«Ысқақ» спектаклі

2021 жылдың 6 қазанында Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің студенттері санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып Сәбит Мұқанов атындағы Қазақ музыкалық-драма театрына барды. Балалар "Ысқақ"спектаклін тамашалады. Пьесаның авторы - Н.Әбділ, режиссері-Ф. Қанафин.

Спектакль Ұлы Отан соғысының батыры – жерлесіміз Ысқақ Ыбыраев туралы баяндайды. Автор Ы.Ыбыраевтың ішкі әлемі мен оның адами қасиеттерін толық ашуға тырысты. Театрлық қойылым вербатим жанрында салынған, онда кейіпкердің тәжірибелеріне, оның монологтарына және майдандас жолдастарымен диалогтарға ерекше көңіл бөлінеді.

А.С.Оспанова– қазақ тілі және әдебиеті оқытушысы

05.10.2021
«Адамда бәрі жақсы болуы керек...»

2021 жылдың 5 қазанында бірінші курс студенттері үшін «Адамда бәрі жақсы болуы керек...» атты сынып сағаты өткізілді.

Өткізілген іс-шараның мақсаты: студенттерде адамды сыртқы түрі бойынша емес, оның рухани қасиеттері бойынша бағалау білігін, адамның сыртқы мінез-құлқы мен оның шынайы сипатын салыстыру дағдыларын қалыптастыру, жалпы мәдениетті дамыту.

Сынып сағаты барысында студенттермен жаттығу элементтері бар ойындар, «сұрақ-жауап» пікірталасы, топтарда жұмыс, «ұсынысты толықтыр» жаттығуы өткізілді, онда студенттер шын мәнінде мейірімді болуды үйрену оңай емес екендігі туралы өз пікірлерімен бөлісті. Адам жиі тоқтап, кідіріп жасаған әрекеттері туралы ойлануы керек.

Педагог-психолог : Омарова А.У.

Страница 295 из 475