ҚАЗ РУС
Сенім телефондары






08.09.2023
Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу

2023 жылдың 8 қыркүйегінде Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде Петропавл қаласы ПБ екінші ОП МӨҚБ МӨББ аға УПИ, полиция майоры Е.П. Леоненко 169 студент қатысқан 1 курс студенттерімен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, қылмыстың өсуіне жол бермеу мақсатында әңгіме өткізді.

Дәріс барысында студенттерге кәмелетке толмағандар арасында кездесетін құқық бұзушылық пен қылмыс түрлері, ғаламтор арқылы алаяқтыққа барудың салдары мен себептері; әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік; кәмелетке толмағандарға қолданылатын жаза түрлері мен мөлшері туралы кең мағлұмат берілді.

Студенттер өздерін толғандыратын сұрақтарға жауап алды. Дәріс соңында жасөспірімдерге өз міндеттері мен құқықтарын біліп, тыныш жүрсе, одан ешкімнің ұтылмайтыны түсіндірілді. Шустова Т.А- директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары

08.09.2023
«Тілім менің - тірлігімнің айғағы» мәнерлеп оқу байқауы

2023 жылдың 8 қыркүйегінде Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде Қазақстан халқының Тілдер күніне арналған «Тілім менің - тірлігімнің айғағы» мәнерлеп оқу байқауы өтті.

Іс-шараның мақсаты: патриоттық бағыттағы классикалық және қазіргі заманғы отандық проза шығармаларын насихаттау, өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу; көркем сөз жанрын меңгерген талантты орындаушыларды анықтау, қолдау және ынталандыру; мәдениетіміздің ұлылығы мен тіл байлығын көрсететін әдеби мұрамен таныстыру.

Мәнерлеп оқу байқауына 1 курс студенттері белсенді қатысты. Қазылар алқасының бағалау критерийлері жақсы айтылу, әртістік, мәнерлілік және анық сөйлеу болды. Мұндай іс-шаралар көркем сөз жанрына қоғамның назарын аударып, студенттердің поэзия мен ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттырады.

Мәнерлеп оқу байқауының нәтижелері:

1 орын – Чумакова Алина, Д-11 топ

2 орын – Стерхов Артем, ТМ-21 топ

3 орын – Гусаков Сергей, ТР-11 топ

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Іс-шара барысында сондай-ақ «Тіл – халық қазынасы» эссе байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Эссе байқауының жеңімпаздары:

1 орын – Жуанышев Ербол, ПО-12 топ

2 орын – Чен Эрик, Э-11 топ

3 орын - Женсагуров Данил, ЭМ-11 топ

Илюбаева Б.Б., Кабденова А.К. – қазақ тілі мен әдебиеті оқытушылары

07.09.2023
Солтүстік Қазақстан облысының жастарына арналған мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру бойынша "Face to face" форматындағы кездесу

2023 жылғы 7 қыркүйекте Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде 1 курс студенттерінің ICF тәжірибешісі, сертификатталған кәсіби бағдаршы Карақожаева Алия Мұратбекқызымен кездесуі өтті.

Кездесу Қазақстан студенттер альянсының бастамасымен ұйымдастырылған "Face to face" диалог алаңы түрінде өтті.

Оның мақсаты: Солтүстік Қазақстан облысының жастарына арналған мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру.

Студенттер "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығы, жас ғалымдарға арналған бағдарламалар, жастар практикасы, әлеуметтік жұмыс орындарын ұсыну тетігі, жастарды жұмыспен қамту бағдарламалары, бизнесті дамытуға кредиттер мен гранттар беру, жұмыс істейтін жастарды сатып алу құқығынсыз жалға алуға арналған үй жобасы туралы өздерін қызықтырған сұрақтарға ақпарат пен жауаптар алды. Диалог алаңының спикері Президенттік жастар кадрлық резерві және жастар кеңесінің мүшесі болу мүмкіндігі туралы айтып берді.

Подоляник А.А. – жастар ісі жөніндегі инспектор

06.09.2023
«Ұлттың ұлы ұстазы»

2023 жылғы 6 қыркүйекте Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде 1 курс студенттері үшін "Ұлттың ұлы ұстазы" бейнеәдісі ұйымдастырылып, одан кейін талқыланды.

Іс-шараның мақсаты-қоғам қайраткері, ағартушы, лингвист, әдебиеттанушы, түркітанушы А.Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығын жас ұрпақты тәрбиелеуге үлес қосқан өз Отанының нағыз азаматы мен патриотының үлгісі ретінде зерттеу.

Іс-шара соңында студенттер тіл білімінің әр саласында қалдырылған жарқын із туралы өз пікірлерін білдіріп, ақын жұртшылықты оқуға, білім беруге, рухани дамуға, адамгершілік пен мәдениетке шақырған өлеңдерін оқыды.

Қазақ тәлә мен әдебиеті оқытушысы: Капасова Майра Исаевна

05.09.2023
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу

2023 жылдың 5 қыркүйегінде ӘПБ құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі топ инспекторы полицияның аға лейтенанты Ж.С. Токтагулова Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің 1 курс студенттеріне тақырыптық дәріс өткізді.

Жастар ортасында сыбайлас жемқорлықтың, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, теміржол көлігінде қауіпсіз жүріс-тұрыстың алдын алу мәселелерін атап өтті. Соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

Подоляник А.А. - жастар ісі жөніндегі инспектор

Страница 164 из 445