
2023 жылғы 25 қазанда Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің student Parliament Club белсенділері Қазақстан Республикасы күніне арналған қалалық салтанатты іс-шараға қатысты..
Бежик Артемге, Коротин Романға, Отт Максимге, Богачев Иванға, Карашуков Кириллге, Копылаш Евгенийге, Усенов Адильханға, Плехов Владиславқа, Ванновский Михаилге қатысқандары үшін алғыс айтамыз.
Подоляник А.А. – жастар ісі жөніндегі инспектор
#студенттікпарламент
#студенческийпарламент
#студенттік_парламент
#студенческий_парламент


.jpeg)

.jpeg)
2023 жылғы 24 қазанда Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде Қазақстан Республикасы күніне арналған " Мәңгілік жаса, қыран елім, Қазақстан!" кураторлық сағаты өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: студенттердің Қазақстан Республикасының қалыптасу жолы туралы білімдерін байыту, Қазақстан Республикасының өткені мен бүгіні туралы түсініктерін қалыптастыру, ел тарихына қызығушылығын арттыру.
Іс-шараға СР-11 және Л-12 тобының 1 курс студенттері белсенді қатысты. Қатысушылар бір-бірімен жарысып, Қазақстан тарихы, Қазақ тілі мен әдебиеті, мәдениет, өлкетану бойынша білімдерін көрсетті. Білім алушылар жақсы білім деңгейін көрсетіп, сыйлықтар алды.
Б.Б.Илюбаева– Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы






2023 жылғы 23 қазанда Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде Қазақстан Республикасы күніне арналған "Мен сені жырлаймын, Қазақстан!" салтанатты іс-шара өтті.
Жиналғандар алдында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан академиясының әскери педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы подполковник Серик Шамшиевич Алимбеков баяндама жасады.
Колледж директоры Анатолий Павлович Фурманюк құттықтау сөз сөйлеп, облыс пен республиканың білім беруді дамытуға үлес қосқан ұжым мүшелеріне марапаттар табыс етті.
Сахнада 1 курс студенттері Манжанов Алмас пен Примкулов Мадияр "Мен қазақпын" әнімен, көркемдік жетекші В.В.Лопухов және 2 курс студенті Евгений "Родина моя" әнімен, М. Қозыбаев атындағы СҚУ студенті Щербинина Анжела "Атамекен" әнімен және Оксана Владимировна Бодаренко жетекшілігімен "Бұлақтар" би ансамблі өнер көрсетті, оның құрамына 2 курс студенті Афонкин Никита кіреді.
Шустова Т.А. – директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары




2023 жылғы 23 қазанда Петропавл машина жасау және көлік колледжінде "Жас сарбаз" әскери-патриоттық клубының "Біздің барлық ойымыз, біліміміз, істеріміз - Отан, жақсылық пен әділдік үшін" тақырыбында отырысы өтті. Іс-шараға СҚО бойынша "Жас сарбаз" әскери-патриоттық қозғалысы ҚБ төрағасы Жанғазин Жанат Төлегенұлы шақырылды.
Каиров Т.Б.- АӘ және ТД оқытушысы



2023 жылғы 23 қазанда Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде И.Шухов атындағы қалалық кітапхананың қызметкерлері Қазақстан Республикасы күніне арналған "Тарих шежіресі" тақырыбында патриоттық сағат ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты студенттердің бойында патриотизм мен Отанға деген құрмет пен сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу болды.
Патриоттық сағат зияткерлік викторина түрінде өтті, оның барысында студенттер туған өлкенің тарихы, Республика үшін айтулы күндер, ұлттық дәстүрлер, әдебиет және мәдениет бойынша жоғары білім деңгейін көрсетті.
Подоляник А.А. - жастар ісі жөніндегі инспектор
#студенттікпарламент
#студенческийпарламент
#студенттік_парламент
#студенческий_парламент