

Колледж білім алушыларын тәжірбиелік даярлау мақсатында, оның ішінде шетелде "Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжі" КМҚК мен "РТЖ" ААҚ Свердловск дирекциясының филиалы арасында халықаралық ынтымақтастық шарты жасалды.
Дирекция колледждің 10 студенті үшін Ресей Федерациясының Екатеринбург қаласында Филиалдың құрылымдық бөлімшелерінде ақылы өндірістік-технологиялық тәжірбиеден өтуді ұйымдастырды, төлем сомасы айына 200 000 мың теңгені құрады. Білім алушылар тегін тұрумен, межелі жерге дейін жол жүрумен және әлеуметтік қолдау шараларының тізбесімен (медициналық полис және т.б.) қамтамасыз етілді. Тәжірибеден өту кезеңінде 2024 жылғы 12 қаңтар мен 5 наурыз аралығында студенттер "РТЖ" ААҚ филиалының Свердловск дирекциясында "5-разрядты вагондарды тексеруші-жөндеуші" куәлігін бере отырып, кәсіби даярлықтан өтті. Сонымен қатар, 2024 жылдың 13 ақпанынан 22 маусымына дейін осы кәсіпорында колледждің 9 студенті ақылы өндірістік-технологиялық тәжірбиеден өтеді.



2024 жылғы 7 наурызда Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің түлектері үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкері Ерлан Ахметович Смагуловпен кездесу ұйымдастырылды. Ашық әңгіме барысында студенттерге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметіне іріктеу критерийлері және келісімшарт негізінде әскери қызметке және қызметке шақыру шарттары түсіндірілді. Үгіт-насихат бейнеролигі көрсетілді.
Подоляник А.А. – жастар ісі жөніндегі инспектор
.jpeg)
.jpeg)

Мереке қарсаңында Б.Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне арналған Ақан сері атындағы облыстық филармонияның концерті өтті.



2024 жылдың 6 наурызында Б. Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің студенттері 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған ТжКБ колледждерінің студенттері арасында "Сұлу бол" байқауына қатысты. Іс-шараны СҚО Білім басқармасының қолдауымен "И.Даутов атындағы Петропавл қаласының қызмет көрсету саласы колледжі" КММ ұйымдастырды. Негізгі мақсаттары: студент жастардың шығармашылық әлеуетін анықтау және қолдау. Біздің колледжден байқауға Д-11 тобының студенттері: модель - Костыльникова Екатерина, стилист - Коваленко Дарья, жетекшісі - Мухамедшина Ольга Амбросимовна қатысты. Байқауға қатысушылардың негізгі міндеті-әйелдердің үйлесімді кешкі бейнесін жасау. Қатысушылар модельдің біртұтас бейнесін жасау үшін шаш үлгісін, макияжды, киім мен аксессуарларды таңдады. Біздің студенттердің жұмысы сертификатпен және алғыс хатпен марапатталды.
Мухамедшина О.А. – арнайы пәндер оқытушысы

2024 жылғы 6 наурызда Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде педагогтерді аттестаттау қағидаларының жобасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша түсіндіру жұмыстары мақсатында кеңес өтті.
Талқылау барысында педагогтерге педагогтің үздіксіз кәсіби дамуының ұлттық платформасында аттестаттау рәсімін өткізудің егжей-тегжейлі алгоритмі ұсынылды. Жаңа жүйе аясында педагогтер платформадағы жеке кабинет арқылы аттестаттауға өтініш бере алады. Сондай-ақ, тест сұрақтарының мазмұны бойынша сұрақтар жарияланып, педагогтың қолданыстағы санатын жекелеген лауазымдарға тарату тәртібі түсіндірілді. Жеке блок басшылар мен басшы орынбасарларын аттестаттау мәселелеріне арналды. Кездесу барысында колледждің педагогикалық ұжымы ұсынылған инновациялар әрбір педагогтың тұрақты дамуына, үздіксіз кәсіби өсуіне және білім беру сапасын арттыруға ықпал ететінін атап өтті.
Шунаева А.Ж. – директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары