ҚАЗ ❘ РУС
Сенім телефондары






08.05.2025
«Жеңіс Туын желбіреткен қайсар қазақ»

2025 жылдың 8 мамырында, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде «Жеңіс Туын желбіреткен қайсар қазақ» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараның мақсаты – соғыс ардагерлерінің өмірі мен ерліктері арқылы патриоттық сезімді қалыптастыру және дамыту болды.

Қазақстан Жеңіске баға жетпес үлес қосты: 1,2 миллионнан астам қазақстандық майданға аттанса, олардың 600 мыңнан астамы оралған жоқ. Қазақстандықтар Сталинград шайқасы, Берлинді алу секілді шешуші ұрыстарда ерлік көрсетті. Ал тылда еліміз оқ-дәрі, азық-түлік өндірісінде, эвакуацияланғандарды қабылдауда сенімді тірекке айналды. Іс-шара барысында студенттер өз отбасыларының мүшелері – сол сұм соғыстың қатысушылары, Жеңісті жақындатуға еңбегімен үлес қосқан ардагерлер туралы әңгімеледі. Мыңдаған жерлестеріміз өшпес ерлік пен қаһармандық танытты. Көптеген батырлар Жеңіс үшін жанын аяған жоқ. Сол қатігез, қайғылы соғыста қаза тапқандардың есімі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады.

Сарсенов А.Ж. – тарих оқытушысы

06.05.2025
Үздік әскерге шақырылушы атағына арналған жарыстар

2025 жылғы 6 мамырда Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде Отан қорғаушылар күніне арналған 1 курс студенттері арасында "Үздік әскерге шақырылушы" атағына әскери-спорттық жарыстар өтті. Бұл іс-шараның мақсаты өскелең ұрпақтың бойында белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру, отансүйгіштік пен Отанға деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу; студенттер арасында әскери-қолданбалы спорт түрлерін насихаттау және дәріптеу болды. Жарыс бағдарламасына АК-74-ті толық бөлшектеу және құрастыру; уақыт бойынша ӨЗК кию; уақыт бойынша газқағар кию; оқ-дәрі қорабын көтеру; зардап шеккен адамға газқағарды дұрыс кию; кедергі жолағы (мина алаңы). Жарыс қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді: 1 орын-СР-1 тобы; 2 орын-Л-11 тобы; 3 орын-Д-11 тобы. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

06.05.2025
«Ел қорғаны – Қарулы Күштер» тарихи сағат

2025 жылғы 6 мамырда Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің кітапханасында Отан қорғаушылар күніне арналған "Ел қорғаны – Қарулы Күштер" тарихи сағаты өтті.

Іс-шараның мақсаты жоғары патриоттық сананы, өз Отанына деген адалдық сезімін қалыптастыру, азаматтық борыш пен Отан мүддесін қорғау жөніндегі конституциялық міндеттерді орындау үшін жауапкершілік сезімін тәрбиелеу болды. Тарихи сағатты өткізу барысында тұсаукесер, "Қазақ батырларының тарихы" бейнефильмі, "Туған жер" бейнеклипі көрсетілді. Студенттер "Батырды тап", "Мақал-мәтелдерді жина" және "Мерген" байқауларына белсенді қатысты. Кітапхананың оқу залында "Отанға қызмет ету-ұлы абырой" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Кітапхана меңгерушісі Кабденова Г.М.

05.05.2025
Конкурс-тестирование на развитие пространственного воображения

5 мая 2025 года в рамках недели специальности в группе ТМ-11 было проведено мероприятие, целью которого стало развитие пространственного воображения у студентов. Проявив ранее приобретённые знания и навыки, обучающиеся успешно справились с поставленной задачей.

Швалюк Максим, набрав наибольшее количество баллов и выполнив задание быстрее остальных, занял 1 место, за что был награждён грамотой и полезными инструментами для черчения.

05.05.2025
Отанға қызмет ету- қасиетті борышымыз!

2025 жылғы 5 мамырда Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің жатақханасында Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай «Отанға қызмет ету- қасиетті борышымыз!» тақырыбында әскери-патриоттық сағат өткізілді. Іс-шараның мақсаты – студенттерді Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тарихи деректермен, бейбіт замандағы әскери қызметпен таныстыру; армияға және Отан қорғаушыларға құрметпен қарау көзқарасын қалыптастыру; патриотизмге, адамгершілікке және жеке тұлғаның көшбасшылық қасиеттеріне тәрбиелеу болды.. Байқау бағдарламасына ұлдар мен қыздардан құралған екі команда қатысты. Студенттер өздерінің зеректігін, тапқырлығын, алғырлығы мен ептілігін көрсете білді.

Бағдарламаның соңында қыздар ұлдарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады.

Павленко Е.Г., Богдан Ю.Г. – жатақхана тәрбиешілері

Страница 83 из 475