ҚАЗ ❘ РУС
Сенім телефондары






07.02.2014
ТҮЛЕК – 2014

2014 жылғы 05 ақпан күні Петропавл темір жол көлігі колледжінің акт залында «Электрмен жабдықтау» және «Жылу техникасы жабдығы мен жылумен қамтамасыздандыру жүйелері» мамандықтары оқушыларының «СевКазЭнерго» АҚ кәсіпорындары тобының қызметкерлермен жұмыс жөніндегі бөлімдерінің өкілдерімен кездесуі өтті.

Оқушылар Компанияның («СКРЭК» АҚ, «Петропавл Жылу жүйелері» ЖШС, «СевКазЭнергоСбыт» ЖШС, ЖЭО-2) кәсіпорындарына колледжді тәмамдағаннан кейін жұмысқа орналасу үшін шақырылды.

«СевКазЭнерго» АҚ Қазақстан Республикасының ірі корпорацияларының бірі «Орта Азиялық Электроэнергетикалық Корпорация» АҚ құрылымына кіреді. Компанияда жас мамандарды бейімдеу бағдарламасы қызмет етеді және үнемі біліктілікті арттырып отыру мүмкіндігі, сондай-ақ толық әлеуметтік пакет және тұрақты жалақы бар.

Кездесу аяқталған соң қызығушылық танытқан оқушылар сауалнама–түйіндеме толтырды.

25.01.2014
«Дуалды оқыту элементтерін енгізу әлеуметтік серіктестік институтының факторы ретінде» тақырыбындағы дөңгелек үстел

Солтүстік Қазақстан облысы Білім басқармасының 2014 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес Петропавл темір жол көлігі колледжі базасында 2014 жылғы 24 қаңтар күні әлеуметтік серіктер және Ақмола облысы Степногорск қ. индустриалдық-техникалық колледжі өкілінің қатысуымен «Дуалды оқыту элементтерін енгізу әлеуметтік серіктестік институтының факторы ретінде» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелдің жұмысына Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы өкілдері қатысты.

01.01.2014
Жаңа жылдарыңызбен!

Құрметті әріптестер, ата-аналар мен оқушылар!

Петропавл темір жол көлігі колледжінің әкімшілігі Сіздерді және сіздердің жақындарыңызды Жаңа жылмен шын жүректен құттықтайды!

Жаңа жылды қарсы алу – бұл жанды толқытатын және әрдайым қуанышқа толы кез. Бұл мереке ойдағыны жеткізіп, Сіздердің барлықтарыңызды осы ғажап мерекемен құттықтап, мықты денсаулық, табыс және бақыт-береке тілеуге берілген тамаша мүмкіндік!

Жаңа жылмен, достар!

18.12.2013
«Қазақстан –бейбітшілік пен келісім орталығы» ұлттық тарих сағаты

Қазақтан! Республикам менің – Байтағым. Тәуелсіздік – аңсап күткен елдігім, Қуанышты тойлауда ел бүгін. Мүмкіндік бар айтуға да, жазуға. Тарихымды, бабалардың ерлігін!

2013 жылғы 12 желтоқсан күні Петропавл темір жол көлігі колледжінің кітапханасында кітапханашы Г. М. Қабденова Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 22 жылдығына арналған «Қазақстан – бейбітшілік пен келісім орталығы» ұлттық тарих сағатын өткізді.

Іс-шараны өткізуге ВЛ-21 топ (сынып жетекшісі С. Н. Гринькив) және Э-21 топ (сынып жетекшісі Б. В. Шипулин) оқушылары қатысты.

Іс-шараға қатысушылар біздің тәуелсіз еліміздің дамуындағы негізгі кезеңдерді әңгімелеп, тәуелсіздік жылдарындағы біздің жетістіктерімізді атап өтті.

Аз уақыттың ішінде егемен республика халықаралық қоғамдастықтың тең құқылы мүшесі болып, дамыған елдермен тығыз байланыстар орнатты. Бұған саяси тұрақтылық, ұлтаралық келісім, ел Президенті Н. Назарбаевтың нарықтық реформаларға және елді демократияландыруға қарай белсенді бағыт алуға батылдық танытуы ықпал етті.

Қазақстан дамудың жаңа жолына түсе отырып, өзінің мәдениетін, тілін, сенімін, дінін және салт-дәстүрлерін дамыту мүмкіндігін іске асырды. Бүгін республиканың әр азаматы өзінің тәуелсіздігін мақтан тұтады.

Іс-шараны өткізу барысында интерактивті тақтада Қазақстанның тәуелсіздікке бастаған даму жолы көрініс тапқан слайдтар, «Қазақстан Республикасының Гимні» бейнебаяны, Н. Назарбаевтың «Город мой» өлеңіне жазылған әннің бейнебаяны көрсетіліп, іс-шара «Домбыра» күйімен, Б.Тілеуханның «Елім менің» әнімен дыбыстық сүйемелденді.

13.12.2013
«Бір шаңырақ астында» сынып сағаты

2013 жылғы 13 желтоқсан Петропавл темір жол көлігі колледжінің акт залында Л-11, ВЛ-11, Д-11 және Э-23 топтарының қатысуымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне арналған «Бір шаңырақ астында» сынып сағаты өткізілді.

Іс-шараның мақсаты: оқушылардың бойында өз халқына, өз Отанына деген мақтаныш сезімін тәрбиелеу.

Іс-шараны ұйымдастырушылар – оқытушы Р. С. Жамұлдинова, Д. Ж. Ақышова, A. Б. Сүлейменова.

Страница 459 из 475