2018 жылдың 5–7 қыркүйек аралығында Байкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің кітапханасында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында кітапханашы Б. Ж. Нұртазина «Тіл байлығы – ой байлығы» атты Қазақстан халықтарының Тілдер күніне арналған іс-шара циклін өткізді.
Іс-шараға ДСП-21, Д-22, Э-11, ПМ-11, Б-11 топтары қатысты. Студенттер Тілдер күні –еліміздің барлық азаматтарының достығының, туыстығының және бірлігінің белгісі екенін атап өтті. 2017 жылы Тілдер мерекесі 5 қыркүйекте бекітілді. Ағымдағы жылы бұл күн қазақ әліпбиінің негізін қалаушы ғалым, қазақ лингвистикасы мен әдебиеттанудың негізін қалаушы, ақын, публицист, педагог және қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың туған күніне орайластырылды.
Қазақстан Үкіметі мемлекеттік тіл саясатын табысты жүргізіп келеді. «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заң жұмыс істейді, тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Үш тілді білім беру іске асырылуда, Президент «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлыққа қол қойды және 2025 жылға дейін латын графикасына кезең-кезеңмен көшу жоспары бекітілді. Мемлекеттік тілді дамыту өте маңызды, оларды құрметтеу және меңгеру – әрбір қазақстандықтың қасиетті борышы.
Іс-шара барысында интерактивті тақтада «Қазақстан халқының Тілдер күні», «Ғаламшар. Ахмет Байтұрсынұлы» перзентациялар мен бейнефильдер көрсетілді. Оқу залында «Тіл – өткен және келешек кілті» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
2018 жылдың 7 қазанында Байкен Әшімов атындағы Петропавл темір жол көлігі колледжінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында қазақ тілі мұғалімдері А. С. Оспанова мен Ж. С. Мусина «Тіл мерекесі-ел мерейі» атты сайыс өткізді. ОВ-21 тобының студенттері сайысты және тілді меңгерудің жақсы деңгейін көрсетті.
Бүгін 2018 жылдың 5-қыркүйегінде Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің қабырғасында қазақ халқының ғалымы, лингвисті Ахмет Байтұрсыновтың 146-жылдығына арналған «Ахмет Байтұрсынов – ірі тұлға» атты сынып сағаты өткізілді. Іс-шараға ПО-11 топ студенттері қатысты. Сынып сағаты барысында студенттер А.Байтұрсынов ғалым, лингвист, қазақ тілінің қалануы мен дамуына үлкен үлес қосқан тұлға ретінде ақпарат алды. Іс-шарада бейне материалдар көрсетілді. Сынып сағатын қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Ақышова Д.Ж. жүргізді.
Тілдер күні аясында 2018 жылдың 4-қыркүйегінде Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінде қазақ тілі оқытушысы А.Қ.Кабденовамен «Мемлекеттік тіл – менің тілім» сайысы өткізілді. Сайыс тапсырмаларын орындау кезінде балалар өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсете алды және қазақ тілінен өз білімдерін тексерді. Көрермендер үшін викторина жүргізілді. Қазақ тілінде «Қазақстаным», «Айналайын» әндері шырқалды.
Құрметті студенттер! Жаңа оқу жылымен баршаңызды құттықтаймын!
Студенттік кезең – бұл өміріміздегі ең маңызды кезең! Романтикаға, түрлі қызықтарға, көптеген жағдайлар мен жаңа білімге толы кезең!
Білім бізді дана, ақылды, шыдамды және байқампаз болуға үйретеді, жоғары еңбекақы төленетін жақсы жұмыс табуға және өмірден өз орнымызда таба білуге көмектеседі. Сендерді 1-қырүйекпен құттықтаймын, өз көздеген мақсаттарыңа жетіп, әрдайым алда болуға тілеймін. Терең білім алуға, жақсы оқуға бар күш-жігерлеріңді салуға және өмір жолымызда кездесетін қиындықтарға мойынсынбауға тілектеспін. Өз өздеріңе сеніңдер, алға қойған мақсаттарыңа жетуге еңбектеніңдер, сонда ғана бәрі жақсы болады!
2018 жылдың 1-қыркүйегіндегі Бәйкен Әшімов атындағы колледждің жаңадан қабылданған студенттер үшін Білім күніне арналған салтанатты линейка өтіледі.
Сағат 09.00 колледждің бас корпусында жиналады.
Ауысымды топтар үшін тақырыптық сынып сағаттары өтіледі.