ҚАЗ ❘ РУС
Сенім телефондары






20.11.2018
«Жауапты тәртіп-бақытты болашақтың кепілі» сынып сағаты

2018 жылдың 20 қарашасында Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің Б-11 тобында әлеуметтік-психологиялық қызметпен «Жауапты тәртіп-бақытты болашақтың кепілі» атты тақырыптық сынып сағаты өткізілді. Студенттер салауатты өмір салты туралы бейнероликтер қарап, жауапты мінез-құлық туралы жағдайларды талдап, пайдалы және зиянды әдеттер туралы тапсырмалар орындады.

19.11.2018
«Тұңғиыққа жол» мұражайлық сабақ

АҚТҚ-ЖҚТБ-ның алдын алу онкүндігі аясында Б.Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің I курс студенттері облыстық тарихи-өлкетану мұражайында өткен «Тұңғиыққа жол» мұражайлық сабаққа қатысты.

Сабақтың мақсаты студенттерде салауатты өмір салтын тәрбиелеу және АҚТҚ-ЖҚТБ алдын алу, сонымен қатар зиянды әдеттерге белсенді қарсы тұру дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Балаларға есірткіні, алкоголь мен темекіні қолданудың салдары туралы егжей-тегжейлі айтылды. Зиянды әдеттер мен АҚТҚ-ЖҚТБ –ның салдарынан өмірден озған көптеген атақты тұлғалар мысалға келтірілді. Студенттер зиянды құмарлыққа әкелетін патология материалдарын көрнекі түрде көре алды.

16.11.2018
«Толеранттылық – мәдениет негізі» тақырыптық сағат

2018 жылдың 16 қарашасында Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің кітапханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында кітапханашы Г. М. Кабденовамен «Толеранттылық – мәдениет негізі» тақырыптық сағаты өткізілді.

Іс-шараны өткізуге В-11 және ПМ-11 топ студенттері қатысты.

Іс-шараға қатысушылар толеранттылық – бұл біздің әлем мәдениетінің бай алуан түрлілігін, өзін-өзі көрсету формалары мен адам даралығын көрсету тәсілдерін құрметтеу, қабылдау және дұрыс түсіну екенін атап өтті.

Іс-шара барысында студенттер қазақ, орыс және украин тілдерінде әр түрлі халықтардың достығы туралы өлеңдер оқыды.

Интерактивті тақтада слайдтар көрсетіліп, бейнефильмдер көрсетілді: «Бәрі толеранттылық», «Достық – бірлік нышаны», әндердің бейнеклиптері: «Достық байланысы», «Қазақстан халықы Ассамблеясы», «Менің Отаным». Кітапхананың оқу залында кітап көрмесі ресімделді: «Біз толеранттылықты таңдаймыз».

Подробнее
15.11.2018
Қазақстандық валютаға 25 – жыл

2018 жылдың 15 қарашасында Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің кітапханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында кітапханашы Т. А. Таранмен «Қазақстандық валютаға – 25 жыл» атты танымдық сағат өткізілді. Іс-шараға Л-11 және Л-12 топ студенттері қатысты.

Іс-шараға қатысушылар бүгінгі теңге – банкноттар мен тиындар – заманауи Қазақстанның ұлттық нышаны, мәдени мен тарихи ақпараттың жолсерігі екендігін айтты. Елдің тарихы, халқының мәдениеті, ұлттық тұрмысы мен салт-дәстүрі ақшадан бастау алады. 25 жыл ішінде халықаралық стандартқа сай, жаңа бюджеттік және валюталық-қаржылық жүйені құру бойынша көлемді жұмыстар жүргізілді.

Іс-шара барысында қазақ және орыс тілдерінде өлеңдер оқылып, «Теңгенің тарихы», «Ақшаны қалай жасайды» секілді бейнефильмдер көрсетілді., оқу залында «Теңге, мерейтойыңды тойла» атты кітап көрмесі ресімделді.

Подробнее
27.10.2018
«Мемлекеттік қызмет-қызметтің ерекше түрі және міндеті» облыстық дебаттық турнир

2018 жылғы 27 қазанда Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің студенттері «Мемлекеттік қызмет-қызметтің ерекше түрі және міндеті» облыстық дебаттық турнирге қатысты.

Байқауға қатысқан 12 команданың ішінде «Локомотив» командасы 5 орынға ие болды. II курс студенттері Шишпаев Юрий және Исмагилов Вадим Қазақстан Республикасының заңнамаларынан жақсы білім, пікірлесу және талқылау қабілетін көрсетті.

Страница 380 из 475