2018 жылдың 27 қарашасында Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің кітапханасында кітапханашы Т.А.Таранмен «Әрбір мамандық-атақ пен даңқ» атты танымдық сағат өткізілді.
Іс-шараға қатысушылар өз мамандықтарының пайда болу тарихы туралы көп қызықты мәліметтер алды, олардың әрқайсысы өзінің тартымдылығымен және болашағымен үлкен маңызға ие.
Таңдаған мамандыққа деген қызығушылықты арттыру және студенттердің кәсіби құндылықтарын тәрбиелеу мақсатында «Теміржол викторинасы» өткізілді және «Теміржол мамандықтары: «Машинист көмекшісі», «Бақылаушы»» атты бейнефильмдер көрсетілді. Викторина өткізу барысында ОВ-21 («Вагондар»командасы) және ПМ-22 («Локомотив» командасы) топ студенттері таңдаған мамандықтары бойынша жақсы білім көрсетті.
Оқу залында «Мамандық беделі» атты кітап көрмесі ресімделді.
Облыс әкімі Қ. Ақсақаловтың бастамасымен Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің студенттері Петропавл қаласы үшін жаңа жылдық әшекейлер дайындауға қатысты.
2018 жылдың 14 желтоқсанында Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Жаса, мәңгі Қазақстан!» әдеби-сазды кеш өтті.
Іс-шара барысында студенттер Қазақстанның кезең-кезеңді дамуымен танысты, этносаралық қарым-қатынасқа, Қазақстан халықтарының келісімі мен достығына ерекше көңіл бөлінді. Колледж студенттері әр тілде ән айтып, елімізде тұратын әр түрлі халықтардың салт-дәстүрлерін көрсетті.
Іс-шараның мақсаты: студенттердің бойында қазақстандық патриотизм, бейбітшілік, ұлттық келісім сезімін қалыптастыру; тарихи және мәдени мұра туралы білімді тереңдету және бекіту, Отанға, ҚР Мемлекеттік рәміздеріне деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін тәрбиелеу.
2018 жылдың 14 желтоқсанында Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің спорт залында «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне» арналған I және II курс студенттері арасында пневматикалық винтовкадан оқ ату бойынша жарыс өтті.
Жарыс қорытындысы бойынша үздік мерген атанғандар:
1 орын – Швец Станислав (Э-22 топ);
2 орын – Бекмуратов Бекназар (ПМ-11 топ);
3 орын – Шувалов Даниил (Л-12 топ).
Командалық есепте 45 ұпайдың нәтижесімен Э-22 тобы жеңімпаз атанды, 43 ұпайдың нәтижесімен екінші орынға Л-12 тобының командасы жайғасты, 39 ұпайдың нәтижесімен ПМ-11 тобы көшбасшылар үштігін түйіндеді. Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері колледж директорының медальдарымен және грамоталарымен марапатталды.
2018 жылдың 12 желтоқсанында Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің кітапханасында кітапханашы Б. Ж. Нұртазинамен, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған, «Болашақты анықтайтын таңдау» атты ақпараттық сағат өткізілді.
Іс-шараны өткізуге Д-11 және Д-21 топ студенттері қатысты. Іс–шараға қатысушылар Тәуелсіздік күні-өз тарихында тұңғыш рет заманауи мемлекет құрған Қазақстан халқының ауқымды тарихи жетістіктерінің жарқын нышаны екенін атап өтті.
Тәуелсіздіктің 27 жылдығы Қазақстан үшін ілгерілеу мен тұрақты даму кезеңі болды. Біздің елімізде экономикалық, саяси және әлеуметтік салаларда үлкен өзгерістер болды. Тәуелсіз Қазақстанның барлық жетістіктері мен жеңістері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың дана басшылығымен әрбір қазақстандықтың жанкешті және тынымсыз еңбегінің арқасында мүмкін болды. Бүгінде жастардың міндеті-өз елінің тарихын, оның бай мұрасын білу және сақтау.
Іс–шара барысында «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі» және «Тәуелсіз Қазақстанның тәуелсіз ғасыры» атты бейнероликтері көрсетілді, прозвучали «Қазақстан Республикасының Гимні», «Мықты жердің мықты адамдары» шырқалды, слайдтар көрсетілді.
Кітапхананың оқу залында «Менің Қазақстаным – менің мақтанышым» атты кітап көрмесі ресімделді.