ҚАЗ ❘ РУС
Сенім телефондары






15.02.2019
Тасымалдау бойынша сайыс

Мамандық апталығында сұрақ-жауап, ойындар және сайыстар өткізу студенттердің зияткерлік қабілеттерін кеңейтуге, логикалық ойлауды және кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруға және дамытуға, зерделенген материалды қайталауға мүмкіндік береді.

2019 жылдың 15 ақпанында Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінде арнайы пән оқытушы Е.Ф.Баймышевамен Д-31 топта «Тасымалдау бойынша сайыс» өткізілді. Топ студенттерінен «Экспресс» және «Ласточка» командалары құрылып, «Жүк және коммерциялық жұмыстарды ұйымдастыру» пәні бойынша сайысқа түсті. Көрермендер ретінде іс-шараға Д-22 және Д-33 топтарының студенттері шақырылды.

Байқау бағдарламасы бес кезеңнен тұрды: «Визит карточкасы», «Тарифтік қашықтықты анықтау», «Тасымалдау ақысын анықтау», «Білгірлер» (тест тапсырмалары), «Қабылдағыш-тапсырушылар сайысы».

Сайыс қорытындысы бойынша «Экспресс» командасы жеңіске жетті.

Подробнее
14.02.2019
«Өндірістік технологиялық тәжірибенің қорытындысы» конференциясы

2019 жылы 14 ақпанда «Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» мамандығының апталығы аясында «Өндірістік технологиялық практиканың қорытындысы» тақырыбында өндірістік техникалық конференция өтті.

IV курс студенттері колледждің әлеуметтік серіктесі – Оңтүстік Орал темір жолының Петропавл бөлімі кәсіпорындарында тәжірибеден өту нәтижелері туралы баяндамалар дайындады: Крапова А. (Мамлютка ст.), Инютина А. (Кондратовка ст.), Белозеров Р. (Петропавл ст., ЭЦ-1 қосыны), Ташланова Д. (Петропавл ст., ОПЦ-5). Тыңдаушылар жаңадан практикадан өтетін ІІІ курс студенттері болды.

Сонымен қатар техникалық конференцияға: Калыков С. Ж. (№5 орталықтандыру бекетінің операторы) және Плятова Т. И. ( «ПетропавлТрансКом» ЖШС қызметкері) шақырылды.

Студенттер конференция жұмысына белсенді қатысып, баяндамашыларға сұрақтар қойды,станция бойынша кезекшінің, тауар кассирлерінің, орталықтандыру бекетінің операторының жұмыс технологиясымен, сондай-ақ поездық және маневрлік жұмыста ақау жағдайларына, сондай-ақ жарақат алу жағдайларына әкеп соқтыруы мүмкін бұзушылықтардың негізгі түрлерімен танысты.

Конференция сенімді және толық өзара түсіністікпен өтті, себебі шақырылған қонақтар біздің колледждің түлектері болып табылады.

Подробнее
14.02.2019
Ауғаныстаннан әскердің шығарылғанына 30 жыл

2019 жылдың 14 ақпанында Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің кітапханасында кітапханашы Г. М. Кабденовамен ПМ-11, Л-11, Э-11 топ студенттері үшін Кеңес әскерлерінің Ауғанстан аумағынан шығарылғанына 30 жылдығына арналған «Звучит набат в сердце солдата» атты ерлік сағаты өткізілді.

Іс-шараның мақсаты: отаншылдыққа тәрбиелеу, Ауғанстанда Солтүстік Қазақстан облысы сарбаздарының интернационалдық борышын орындағандарын мысалға келтіре отырып, отаншылдыққа, әскери ар-намыс пен Отанға деген адалдық туралы түсініктерді қалыптастыру.

Іс-шараға қонақ ретінде солтүстікқазақстандық, жауынгер-интернационалист Кенжеболатов Қайдарбек Төлегенұлы шақырылды, ол әскердегі қызметі туралы естеліктерімен бөлісті.

Іс-шара барысында өлеңдер оқылды, интерактивті тақтада бейнефильмдер: «Мусульманский батальон» в Афганской войне», өлең клиптері көрсетілді: «Боевые действия в Афганистане», «Афганистан – Пришел приказ». Кітапхананың оқу залында «Ауған соғысындағы жолдармен» атты кітап көрмесі рәсімделді.

Подробнее
14.02.2019
«Көктем-2019» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу

2019 жылдың 14 ақпанда Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінде Солтүстік Қазақстан облысының әкімі бекіткен «Көктем-2019» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының жоспарына сәйкес, сондай-ақ қажетті шараларды қабылдау және білім беру ұйымдарының, күштер мен құралдардың, қорғаныс қызметтерінің көктемгі кезеңде төтенше жағдайлар туындаған кезде авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге дайындығын қамтамасыз ету мақсатында ТЖ бөлімінің қызметкерлерін қатыстыра отырып, ТЖ кезіндегі іс-қимылдарға оқыту бойынша сабақтар өткізілді.

13.02.2019
«Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» 1203000 мамандығының апталығы

2019 жылдың 11 ақпанында Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінде «Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» 1203000 мамандығының апталығы басталды.

II, III және IV курс студенттері үшін Петропавл станцияларына экскурсиясы ұйымдастырылды: ЭЦ-2, ЭЦ-3, ДСЦ-2 ( Д-31 топ, оқытушы Шустова Т. А.), жолаушы паркі (Д-21 топ, оқытушы Донец Н. И.), оқу палигоны (Д-22 топ, оқытушы Жаравина Л. Н.), Петропавл ст.мұражайы (ДСП-21 топ, оқытушы Жаравина Л. Н.). Д-31 топ (оқытушы Баймышева Е. Ф.) ФКҚКАА Оңтүстік – Орал темір жолдың Петропавл бөлімшесінің кәсіпорнына барды. Оқытушы Н.И.Донецпен «ПетропавлТрансКом» ЖШС-не экскурсия ұйымдастырылды.

Страница 371 из 475