ҚАЗ ❘ РУС
Сенім телефондары






24.04.2019
«Жаратушының ісі – жарату» атты әдеби кеш

2019 жылы 24 сәуірде Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің кітапханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында кітапханашы Б.Ж.Нұртазинамен «Жаратушының ісі – жарату» атты әдеби кеш өткізілді.

Іс-шараны өткізуге В-11 және ПО-11 топтарының студенттері қатысты.

Іс-шараға қатысушылар қоғам прогресінің басты көрсеткіші оның мәдени жетістіктері болып табылғанын атап өтті. Биыл ақын, жазушы, драматург Ілияс Жансүгіров 125 жасқа толады. Әр түрлі жанрда жазған Ілияс бірінші кеңестік ұрпақтың мәдени сәулетшісі болды және өз халқына әрдайым адал болып қалды.

Ілиястың өмірі жастарға үлгі. Дарыны, қажырлы еңбегі және Отанға деген махаббаты оған тарихтағы көрнекті жазушылардың бірі болуға және қиындықтарға қарамастан, оқырмандардың жүрегінде қалуға көмектесті. Ілияс Жансүгіров үлкен шығармашылық мұра қалдырды.

Іс-шара барысында «Тайны и судьбы великих казахов. Ильяс Жансугуров» бейнефильмі, «Песня о Казахстане» өлеңінің бейнебаяны көрсетілді. Кітапхананың оқу залында «Шебердің мұрасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

24.04.2019
«Ұрпақ үшін планетаны сақтаймыз» жобалар байқауы

2019 жылы 24 сәуірде Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінде «Ұрпақ үшін планетаны сақтаймыз» жобалар байқауы өтті.

Байқау «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру және ілгерілету аясында өтті. Байқаудың мақсаты: студенттердің шығармашылық әлеуетін дамыту және экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Байқауға I курс студенттері қатысты.

Балалар келесі тақырыптар бойынша жобалар дайындап, ұсынды:

– «Өнер айнасындағы табиғат» (Б-11 топ студенттері Жакупова Камила және Иманкулова Мерует).

– «Адам денсаулығының экологиясы» (Т-11 топ студенттері Аскар Эльдар және Болтабай Канат);

– «Сәнді индустриядағы экология» (ПО-11 топ студенттері Абильмажинова Аделина и Казаченко Александр);

– «Салауатты сұлулық» (Т-11 топ студенттері Москалева Екатерина и Плотникова Лада);

– «Пайдалы қоқыс» (Б-11 топ студенттері Зябликова Ирина и Назипова Ильнура);

– «Солтүстік Қазақстан облысының экологиялық мәселелері» (Б-11 топ студенттері Гальвас Кристина и Лезова Алена);

– «Жасыл еріктілер» (ДМ-11 топ студенттері Джемилев Никита, Вильд Даниил, Паничук Анатолий);

– «Өнердегі экология» (Б-11 топ студенттері Зара Ирина и Хоменко Максим);

– «Болашақ көлігі» (Б-11 топ студенттері Пфлюк Мария и Риб Елена).

24.04.2019
«Жаңа идеялар аумағы» TED-конференциясы

2019 жылы 24 сәуірде Мағжан Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжінде Қазақстан жастарының жылына арналған «Жаңа идеялар аумағы» атты облыстық TED-конференция өтті. Колледж әкімшілігі конференция жұмысына белсенді қатысқан Э-43 тобының ІV курс студенті Алексеев Владиславқа алғыс білдіреді.

23.04.2019
Техникалық шығармашылық көрмесі

2019 жылғы 23 сәуірде «Облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы» КММ базасында облыстық техникалық шығармашылық көрмесі өтті. Көрмеге Петропавл қаласы мен облыстың мектептері мен колледждері қатысты.

Көрме қорытындысы бойынша Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің студенттері Еремин Сергей және Ахметов Руслан (жетекшісі Семеско В. Г.) «Әскери техника»бөлімінде І орынды иеленді.

22.04.2019
«Патриот» айлығы

2019 жылдың 22 сәуірінде Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінде «Патриот» айлығы аясында АӘД кабинетінде колледж түлегі Иванов Евгенийдің Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі қызметінен кейін кездесу-құттықтау рәсімі өтті.

2014 жылдың қыркүйек айында Евгений 1107000 «Жол-құрылыс машиналарын техникалық пайдалану» мамандығы бойынша I курсқа түсті. Колледжде оқу кезінде өзін жақсы студент ретінде көрсетті, гирьдік спортпен шұғылданды, «Сұңқар» облыстық спартакиадасында колледж намысын қорғады.

2018 жылдың наурыз айында Евгений колледжді сәтті аяқтап, ҚР ҚК қатарына шақырылды. Қалалық және облыстық комиссиядан өткеннен кейін сол жылдың 11 сәуірінде Евгений мерзімді әскери қызметке шақырылды. Әскери қызметін Батыс Қазақстанда, «Батыс» өңірлік қолбасшылығы, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі №2018 әскери бөлімінде атқарды.

Қызмет барысында үлгілі мінез-құлықтары мен үздік көрсеткіштері үшін Евгения «ІІ дәрежелі Шекара қызметінің үздігі» медалімен марапатталды. Қызметті аяқтағаннан кейін Евгений туған қаласына келіп, туған колледжінің қабырғасына кіріп шықты. Кездесу барысында Л-11 топ студенттерімен әскери қызмет өткеру туралы естеліктерімен бөлісті.

Страница 365 из 475