ҚАЗ ❘ РУС
Сенім телефондары






18.03.2026
«Наурыз тойы – мереке, салт-дәстүрім – береке» кураторлық сағаты

18 марта 2026 года в Петропавловском колледже машиностроения и транспорта имени Байкена Ашимова преподаватели Кунаева А.А. и Ульянова И.А. провели открытый кураторский час «Наурыз тойы – Мереке, Салт-дәстұрім - Береке», посвящённый празднику Наурыз. В рамках мероприятия студенты участвовали в викторине, посвящённой традициям и истории праздника Наурыз. Участники смогли проверить свои знания и узнать много нового о традициях и культуре казахского народа. Также, студенты с большим интересом приняли активное участие и проявили ловскость в игре «Асық ату». В завершение мероприятия студенты получили сладкие призы, что стало приятным дополнением к праздничному дню.

18.03.2026
Ұлттық спорт түрлерінен турнир

2026 жылғы 18 наурызда Б.Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде Наурыз мейрамына орай «Асық ату», «Тоғызқұмалақ» ұлттық спорт түрлерінен турнир өтті. Жарыстың төрешісі Н.К.Кунанбаев қатысушыларға қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық өткізіп, турнир ережелерімен таныстырды. Асық ату бойынша жеке біріншіліктің қорытындысы: 1 орын – Генш Павел (Л-21); 2 орын – Жумағэгулов Алиль (ПО-32); 3 орын – Ботабек Ескендір (Л-11). Тоғызқұмалақ бойынша жеке біріншіліктің қорытындысы: 1 орын – Поротикова София (Б-21); 2 орын – Шледовец Андрей (В-11); 3 орын – Танатов Мансур (ПО-11). Жеңімпаздар мен жүлдегерлер тиісті дәрежедегі дипломдармен және медальдармен марапатталды.

17.03.2026
«Шын жүректен»

Қасиетті Рамазан айы мен Ұлы Ораза кезеңінде Солтүстік Қазақстан облысының білім, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің кәсіподағы «Шын жүректен» қайырымдылық акциясын ұйымдастыруға бастамашы болды. Б.Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжі аталған акцияны қолдай отырып, кәсіподақ мүшелеріне де көңіл бөліп, азық-түлік себеттерін табыстады, сондай-ақ шынайы қамқорлық пен жылы лебіздерін білдірді. Солтүстік Қазақстан облысының білім саласы кәсіподағы кезекті рет өз бірлігі мен әлеуметтік жауапкершілігін дәлелдеді.

17.03.2026
"Ұлттық сезім" ұлттық мәдениеті мен киімін дәріптеу флешмобы









"Ұлттық сезім" ұлттық мәдениеті мен киімін дәріптеу флешмобы.

17.03.2026
«Қазақ халқының салт-дәстүрлері»

2026 жылғы 17 наурызда Б.Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің жатақханасында Наурыз мейрамына арналған «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» атты кеш өтті. Іс-шараның мақсаты – ұлттық дәстүрлер мен мәдениетке құрметпен қарауды қалыптастыру, студенттер арасында патриотизм, бірлік пен достық сезімін тәрбиелеу. Наурыз – жаңару, гүлдену, мейірім, жылулық пен жарықтың мерекесі. Іс-шара барысында студенттер осы жарқын мейрамның тарихымен, оны атап өту дәстүрлерімен және Қазақстан халқы үшін маңызымен танысты. Кейін бірнеше кезеңнен тұратын викторина өткізілді. Онда қатысушылар қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы білімдерін көрсетіп, белсенділік пен қызығушылық танытты. Кеш соңында «шашу» ұлттық дәстүрі өткізілді. Бұл іс-шараның жарқын әрі есте қаларлық сәтіне айналды.

Страница 27 из 475