2022 жылғы 14 желтоқсанда Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің кітапханасында "оқырман колледжі" тұжырымдамасы аясында "Қазақстан – Ұлы Дала Елі" тақырыбында "Мұра"әдеби клубының отырысы өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған.
Мақсаты: отансүйгіштік, азаматтық, толеранттылық, тарихи өткенге деген мақтаныш сезімін, өз елінің болашағы үшін жауапкершілікті тәрбиелеу, студенттердің Қазақстан тарихына деген қызығушылығын дамыту.
Іс-шараны өткізу барысында "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі", "Менің Қазақстаным", "Қазақстан жері" атты бейнефильмдер көрсетілді. Студенттер "Отан туралы мақал жина", "Геральдика білгірлері" байқауларында жақсы білім көрсетті.
Кітапхананың оқу залында "Менің Тәуелсіз Қазақстаным"атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Кабденова Г.М. – кітапхана меңгерушісі
2022 жылғы 14 желтоқсанда Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай "Тәуелсіздік туы сенімді қолда!»
Іс-шараның мақсаты: студенттердің Қазақстан Республикасының қалыптасу жолы туралы білімдерін байыту, Қазақстан Республикасының өткені мен бүгіні туралы түсініктерін қалыптастыру, ел тарихына қызығушылығын дамыту.
Байқау екі команданың, "Болашақ" және "Еркіндік" 1 курс студенттерінің қатысуымен бірнеше турдан тұрды. Балалар бір-бірімен жарыса отырып, Қазақстан тарихы, Қазақ тілі мен әдебиеті бойынша тамаша білімдерін көрсетті.
Жеңімпаздарды таңдауда қазылар алқасы презентацияның анықтығы, құзыреттілік, сауаттылық сияқты критерийлерді басшылыққа алды.
Балдарды есептеу бойынша барлық конкурстардың қорытындысы бойынша екі қатысушының балл саны бірдей екені анықталды. Нәтижесінде жеңілгендер жоқ! Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!
Илюбаева Б.Б.- қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысы
2022 жылдың 12-13 желтоқсан күндері Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған тоғыз құмалақ пен шахматтан жарыс өтті. Мақсаты: салауатты өмір салты дағдыларын табысты қалыптастыру, физикалық және психологиялық денсаулықты сақтау үшін кеңістік құру. Екі күндік жарыстың нәтижесінде жекелей сында орындар төмендегідей анықталды:
Тоғыз – құмалақ бойынша
1 орын - Бежик Артем Л-11 тобы;
2 орын - Садукас Мейрамбек Л-11 тобы;
3 орын – Аубакиров Нурсат ТР-21 тобы ;
Шахмат бойынша:
1 орын - Щеткин Алексей Б-31 тобы;
2 орын – Абилханов Бахыт Л-11 тобы ;
3 орын – Бойко Данил С -11 тобы
Абилев С.М- дене шынықтыру оқытушысы
2022 жылдың 13 желтоқсанында Б.Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналған кураторлық сағат өтті.
Іс-шараның мақсаты: студенттер арасында жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, туған елінің тарихына танымдық қызығушылығын арттыру.
Тәуелсіздік жылдарында еліміз қарқынды дамып келе жатқан мемлекетке айналды. Қазақстан өзінің мемлекеттілігінің алғашқы күнінен бастап бүкіл әлемде бейбіт қатар өмір сүру, сыйластық пен ынтымақтастық саясатын жүргізе бастады.
Бүгінде Қазақстан халықаралық аренада танымал болып, әлемдік экономикалық жүйелердің қатарынан лайықты орын алды деп нық сеніммен айта аламыз.
Сарсенов А.Ж. – тарих оқытушысы
Қазақстанда төртінші жыл ТОП-100 үздік колледж студенттері өтуде! Биылғы жыл ерекше, салтанатты шараға Қазақстан Республикасының Білім министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетов қатысты. Бұл балалар мен бүкіл ТжКБ жүйесі үшін мағыналы және маңызды болды. Дмитрий Пытьевті «Қазақстан Республикасының ТОП 100 колледж студенті» республикалық байқауындағы жеңісімен құттықтаймыз және одан әрі табыс тілейміз!
Подоляник А.А. - жастар ісі жөніндегі инспектор