






Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Е.Қ.Жамаубаевтың "AMANAT" партиясының "Қарызсыз қоғам" жобасының тәжірибесін тарату туралы тапсырмасына сәйкес, Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде 2023 жылғы 30 қазан мен 3 қараша аралығында "ауыл халқының қаржылық сауаттылығы бойынша құзыреттілікті арттыру" оқыту курсы ұйымдастырылды. Қатысушылар 18 жасқа толған 3-4 курс студенттері мен оқытушылар болды.
курсынан өту қорытындысы бойынша тыңдаушылар қаржылық проблемалардың қалыптасу себептері туралы білді; өз қаржысын басқаруда дағдыларға ие болды; отбасы бюджеті; кредиттерді міндетті түрде өтеу бойынша саналы жауапкершілік қалыптастырылды. Кәсіпкерлікпен айналысуға шешім қабылдаған түлектер компания бюджетін қалыптастыру; салық есептілігі; қаржыны басқару және қолданыстағы бағдарламалар мен мемлекеттік қолдау шаралары бойынша қаржыландыру шарттары туралы ақпарат алды.
Курстың 100 қатысушысы сертификат алды. Қазіргі уақытта бұл оқыту курсы жастар үшін өзекті. Түлектердің алған білімі олардың алдағы жоспарларын жүзеге асыруға көмектеседі деп үміттенеміз.

2023 жылғы 3 қарашада ЖПБ құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі топ инспекторы полицияның аға лейтенанты Ж.С.Токтагулова және ЖПб ӘПб Инспектор полиция майоры А.Б.Атыгаева Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің студенттері үшін тақырыптық әңгіме өткізді.
Іс-шара диалог алаңы форматында өтті. Жастар арасында заттарды қолдану және құқық бұзушылық мәселелері талқыланды.
Подоляник А.А. – жастар ісі жөніндегі инспектор
#студенттікпарламент
#студенческийпарламент
#студенттік_парламент
#студенческий_парламент

2023 жылғы 2 қарашада Б. Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің ТМ-11 тобының студенттері "Антикор және волонтер" тақырыбындағы TED-x конференция форматындағы кездесуге қатысты. Іс-шараны СҚО әкімдігі ішкі саясат басқармасының қоғамдық даму және ақпарат орталығының NEET санатындағы жастар бастамалары және жастармен жұмыс бөлімі Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана базасында ұйымдастырды.
Сущик М.М. – өндірістік оқыту шебері


.jpeg)
.jpeg)
2023 жылдың 2 қарашада Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің Student Parliament Club белсенділері қарттарды әлеуметтік қолдау айлығы аясында жалғыз тұратын зейнеткер Галина Елизаровна Базароваға шаруашылық көмек көрсетті.
Подоляник А.А. – жастар ісі жөніндегі инспектор
#студенттікпарламент
#студенческийпарламент
#студенттік_парламент
#студенческий_парламент

.jpeg)
.jpeg)

2023 жылдың 1 қарашасында Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің "Мархабат" еріктілер клубының белсенділері "Игі істер марафоны" акциясы аясында "Адон-Север" қоғамының мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған "Эльф орманының ертегілері" күзгі балын өткізді.
Театрландырылған қойылым ертегі мерекесінің атмосферасын құрды. Байқаулар, интерактивті ойындар мен көркемөнерпаздар нөмірлері мүмкіндігі шектеулі балаларға көңілді күлкі мен жақсы көңіл-күй сыйлады. Өтеусіз көмек ретінде клуб еріктілері колледж студенттері арасында қайырымдылық акциясы барысында жиналған кеңсе керек-жарақтарын "Адон-Север" қоғамына тапсырды.
Клуб еріктілері Усенов Адильханға, Михайленко Любовьқа, Жумангалиева Мадинаға, Бежик Алисаге, Бандюкова Алисаға, Норкина Ксенияға, Герман Валерияға, Чирикова Аннаға, Манжанов Алмасқа, Пятьев Романға, Толеубаев Тимурға, Парфенов Вячеславқа, Еваков Евгений және Моор Вадимге альтруизм мен эмпатия үшін алғыс білдіреміз.
"Игі істер марафоны" қайырымдылық акциясына қатысқан Д-41, В-11, Т-41, Т-31, ТР-11, Д-31, Л-12, В-21, Д-21 топтарына алғысымызды білдіреміз.
Подоляник А.А. – жастар ісі жөніндегі инспектор
#студенттікпарламент
#студенческийпарламент
#студенттік_парламент
#студенческий_парламент