Коледждің әлеуметтік-психологиялық қызметі жұмысының мақсаты:балалардың жеке басының және әлеуметтік дамуының бұзылу себептерін анықтау үшін олардың денсаулығын сақтау мен нығайтуға кепілдік беретін жағдайларды жобалау және қамтамасыз ету.
Дүйсенбі – 09.00-18.00
Сейсенбі – 09.00-18.00
Сәрсенбі – 09.00-18.00
Бейсенбі – 09.00-18.00
Жұма – 09.00-18.00
Баллар мен жастарға арналған ұлттық телефондық сенім желісі 150
Денсаулық жастар орталығының сенім телефоны 8-800-080-22-26
Колледждің сенім телефоны 49-42-45
МКК «ПДМ МО» «Сенім телефоны» 54-76-03
Балалар қауымына арналған жедел психологиялық комек кабинеті 54-70-53
Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі кеңестің ереже
Омарова Айгерим Улановна– Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің педагог-психологы Образование: Карагандинский Государственный университет имени Е.А. Букетова 2009 г. Стаж работы: 13 лет. Контактный телефон: +7-778-113-98-68 Электронная почта: aigerim_87_06_23@mail.ru |
Турысова Дания Бейбутовна– Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің педагог-психологы Образование: Северо-Казахстанский государственный университет им.М.Козыбаева 2014 г. Стаж работы: 7 лет. Контактный телефон: +7707-633-06-46 Электронная почта: danaturyssova@gmail.com |
Педагог-психолог жұмысының мақсаты: студенттердің психологиялық денсаулығын сақтау және нығайту, қолайлы әлеуметтік-психологиялық климат құру.
Психодиагностикалық жұмыс-арнайы әдістемелердің көмегімен студенттердің фронтальды (топтық) және жеке зерттеулерін жүргізуді қамтиды. Диагностика оқытушылардың немесе ата-аналардың алдын ала сұрауы бойынша, сондай-ақ психологтың бастамасы бойынша зерттеу немесе алдын алу мақсатында жүргізіледі.
Психокоррекциялық жұмыс-студенттердің эмоциялық жағдайын түзету, жаңа қабылданған студенттерінің бейімделу процесін жақсарту. Сабақтар эмоционалды-ерік саласындағы, қарым-қатынас саласындағы мәселелерді шешуге және студенттердің өзін-өзі бағалау мәселелерін шешуге бағытталуы мүмкін. Оқытушылар мен ата-аналарды студенттің қолайлы психикалық дамуының негізгі заңдылықтары мен жағдайларымен таныстыру. Кеңес беру, педагогикалық кеңестер мен ата-аналар жиналыстарында сөз сөйлеу барысында жүзеге асырылады.
Психопрофилактикалық жұмыс-студенттердің дамуында әртүрлі ауытқулардың пайда болуын алдын алуға, психикалық денсаулықты сақтауға, жақсартуға, нығайтуға бағытталған.
Психологиялық кеңес беру-білім алушылардың дамуында, тәрбиелеу және оқыту мәселелерінде көмек көрсету.
Ата-аналар мен оқытушыларға кеңес беру-бұл нақты сұраныс бойынша жұмыс. Педагог-психолог ата-аналарды немесе оқытушыларды диагностиканың нәтижелерімен таныстырады, белгілі бір болжам береді, болашақта студенттің оқуда және қарым-қатынаста қандай қиындықтар туындауы мүмкін екендігін ескертеді; бұл ретте туындаған мәселелерді шешу және студентпен өзара іс-қимыл жасау бойынша ұсыныстар бірлесіп жасалады.
Әлеуметтік педагог жұмысының мақсаты: студенттердің әлеуметтанудағы әлеуметтік маңызы бар, алдын алу қызметін ұйымдастыру, әлеуметтік өмірдің мәселелерін шешуде студенттің мүмкіндіктерін және оның ортасын жетілдіру үшін жағдай жасау.
Әлеуметтік қорғау-халықтың аз қорғалған топтарына (мүгедек балаларға, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, аз қамтамасыз етілген отбасыларға, көп балалы отбасыларға, өмірлік қиын жағдайға тап болған студенттерге) материалдық көмек көрсету жөніндегі, студенттің жеке басын, балалары бар отбасылардың әлеуметтік тобын әлеуметтік қызметке толық қосуды, әлеуметтік мәртебені қолдауды қамтамасыз ететін іс-шаралар кешені және құқықтық нормалардың жиынтығы.
Алдын алу жұмысы – қауіп тобындағы жеке индивидтердің ықтимал физикалық немесе әлеуметтік-мәдени ауытқуларын болдырмауға, өмір мен денсаулықтың қалыпты деңгейін сақтауға, қолдауға және қорғауға, әлеуметтік ортаның адам тұлғасына теріс факторларының әсерін бейтараптандыруға бағытталған қабылданатын іс-әрекеттер.
Әдістемелік жұмыс-ата-аналар жиналыстарында, топ кураторларының ӘБ отырыстарында сөз сөйлеу, кәсіби құзыреттілікті арттыру, кәсіби қызметтің жеке аспектілері бойынша өз білімін жетілдіру бағдарламасын жүзеге асыру.
Ата – аналар мен оқытушыларға кеңес беру-нақты сұраныс бойынша жұмыс.
Өрт сөндіру қызметі: 101
Полиция: 102
Жедел көмек: 103
Құтқару қызметі: 112
ТЖ жөніндегі департамент: 46-49-65
Жол полициясының кезекші бөлімшесі: 49-32-47
Пәтер есіктерін шұғыл ашу: 46-30-18