ҚАЗ РУС
Сенім телефондары





27.11.2012
E-learning электрондық оқыту жүйесі

Петропавл темір жол көлігі колледжінің оқытушылары E-learning электрондық оқыту жүйесінің бағдарламалық шешімі бойынша оқудан өтті.

Оқытуды «ҰАТ» («Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ) өкілдері өткізді.

Фотогалерея>>

23.11.2012
«Инженерлік графика» пәні бойынша олимпиада өтті

2012 ж. 21 қараша күні Петропавл темір жол көлігі колледжінде Жалпы кәсіптік пәндер апталығының шеңберінде «Инженерлік графика» пәні бойынша олимпиада өтті.

Олимпиадаға «Көтеріп-тасымалдағыш, құрылыс, жол машиналары мен жабдығы» мамандығының 2 және 3 курс топтары қатысты.

Олимпиада жеңімпаздары құрмет грамоталары және жүлделермен марапатталды.

Жүлдегер болған оқушылар:

І орын - А.Рыманов (ДМ-33 топ);

ІІ орын - А.Гладышев (ДМ-21 топ);

ІІІ орын - Р.Башаров (ДМ-33 топ), В.Матвеев (ДМ-21 топ).

Фотогалерея>>

23.11.2012
Баскетбол бойынша турнир

2012 жылғы 21 қараша күні Петропавл темір жол көлігі колледжінің спорт залында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күніне арналған баскетбол бойынша турнир басталды.

Турнирге СҚКПК, ПҚЭК, «Жеңіс», №8 ОМ және ПТКК екі командасы қатысады.

Фотогалерея>>

23.11.2012
Қорытынды Мемлекеттік Аттестаттауы

23.11.12 ж. сырттай оқу бөлімі Б-103 топ оқушыларының Қорытынды Мемлекеттік Аттестаттауы өтті.

Комиссия құрамында:

Н.А.Санкина – комиссия төрайымы, Оңтүстік Орал темір жолы Петропавл бөлімшесі бастығының бухгалтерлік есеп және салық есебі жөніндегі орынбасары;

Л.Ф.Курбанова – төрайымның орынбасары, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары;

И.В.Мельникова – комиссия мүшесі, оқытушы,

А.Ф.Грязнова – комиссия мүшесі, оқытушы.

«Бухгалтерлік есеп, қаржылық есептілікті талдау, кәсіпорындарды экономикалық талдау» пәндері бойынша кешенді емтиханды 14 оқушы тапсырды.

21.11.2012
Президент келбеті арқылы ел келбеті

20.11.2012 ж. колледжде «Президент келбеті арқылы ел келбеті» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Оқытушы Г.М.Жармұқанова, Ж.С.Мусина, С.Е.Красиков, Ф.Ю.Мигович, Т.В.Никитина, А.Ж.Шунаева, И.А.Сергеева және колледж оқушылары Е.Мамырайым, А.Коваленко, А.Филонов, В.Салихов, Н.Лелешуте, Ф.Тоноян, Н.Панова, А.Крекешева ел тарихының беттерін, Қазақстан Республикасы тұңғыш Президентінің басшылығымен өткізіліп жатқан өзгерістердің маңыздылығын, жасампаздық еңбектің құндылығын және әр қазақстандықтың мемлекеттіліктің одан әрі дамуына қосқан үлесін талқылады.

Аға буын өкілдері Ахметова Жамал Кигарқызы және Сәудов Қадыр Қожахметұлы Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасу кезеңінде ұшырасқан қиындықтар туралы естеліктерімен бөлісті.

Фотогалерея>>

Страница 326 из 327