ҚАЗ РУС
Сенім телефондары





27.11.2012
Cаламатты өмір салты сағаты

2012 жылғы 23 қараша күні Петропавл темір жол көлігі колледжінің кітапханасында «АИТВ – инфекцияны әркім де жұқтыруы мүмкін»- «ВИЧ – инфекция может коснуться каждого» саламатты өмір салты сағаты өткізілді.

Іс-шараны өткізуге Э-21 және Э-22 топтың оқушылары қатысты (сынып жетекшісі А.Б.Сүлейменова).

Балалар өздерінің мәлімдемелерінде ЖҚТБ не екендігін, сондай-ақ өзіңді және өзгелерді АИТВ жұқтырудан қалай сақтауға болатыны туралы әңгімеледі.

Облыстық ЖҚТБ орталығынан дәрігер-эпидемиолог И.П.Литау шақырылып, ол республика және біздің қала бойынша ЖҚТБ/АИТВмен ауру бойынша шынайы сандар мен фактілерді мысалға келтірді. Сұхбат «ЖҚТБ/АИТВ. Сендер ол туралы не білесіңдер?» - «СПИД/ВИЧ. Что вы знаете о нем?» бейнефильмін көруге ұласты.

Кітапхананың оқу залында «Біз ЖҚТБ індетінің қарсаңындамыз» - «Мы на пороге эпидемии СПИД» кітап көрмесі ресімделді.

Фотогалерея>>

27.11.2012
E-learning электрондық оқыту жүйесі

Петропавл темір жол көлігі колледжінің оқытушылары E-learning электрондық оқыту жүйесінің бағдарламалық шешімі бойынша оқудан өтті.

Оқытуды «ҰАТ» («Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ) өкілдері өткізді.

Фотогалерея>>

23.11.2012
«Инженерлік графика» пәні бойынша олимпиада өтті

2012 ж. 21 қараша күні Петропавл темір жол көлігі колледжінде Жалпы кәсіптік пәндер апталығының шеңберінде «Инженерлік графика» пәні бойынша олимпиада өтті.

Олимпиадаға «Көтеріп-тасымалдағыш, құрылыс, жол машиналары мен жабдығы» мамандығының 2 және 3 курс топтары қатысты.

Олимпиада жеңімпаздары құрмет грамоталары және жүлделермен марапатталды.

Жүлдегер болған оқушылар:

І орын - А.Рыманов (ДМ-33 топ);

ІІ орын - А.Гладышев (ДМ-21 топ);

ІІІ орын - Р.Башаров (ДМ-33 топ), В.Матвеев (ДМ-21 топ).

Фотогалерея>>

23.11.2012
Баскетбол бойынша турнир

2012 жылғы 21 қараша күні Петропавл темір жол көлігі колледжінің спорт залында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күніне арналған баскетбол бойынша турнир басталды.

Турнирге СҚКПК, ПҚЭК, «Жеңіс», №8 ОМ және ПТКК екі командасы қатысады.

Фотогалерея>>

23.11.2012
Қорытынды Мемлекеттік Аттестаттауы

23.11.12 ж. сырттай оқу бөлімі Б-103 топ оқушыларының Қорытынды Мемлекеттік Аттестаттауы өтті.

Комиссия құрамында:

Н.А.Санкина – комиссия төрайымы, Оңтүстік Орал темір жолы Петропавл бөлімшесі бастығының бухгалтерлік есеп және салық есебі жөніндегі орынбасары;

Л.Ф.Курбанова – төрайымның орынбасары, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары;

И.В.Мельникова – комиссия мүшесі, оқытушы,

А.Ф.Грязнова – комиссия мүшесі, оқытушы.

«Бухгалтерлік есеп, қаржылық есептілікті талдау, кәсіпорындарды экономикалық талдау» пәндері бойынша кешенді емтиханды 14 оқушы тапсырды.

Страница 325 из 326