![]() |
|||||||||||||||||
КАЗ РУС 2025 сәуір 17 | |||||||||||||||||
![]() Қатынас жолдары халық комиссариатының бұйрығы бойынша 1930 жылы Петропавл қаласында келесі екі: «Тартымдық шаруашылық» және «Темір жолдарды пайдалану» бөлімшесі бар политехникалық темір жол техникумы ашылды. ![]() 1933 жылы техникум ең алғаш рет түлектерін шығарды. Бірінші түлектердің ішінде кейін «Ленин» және Еңбек Қызыл ту» ордендерінің Кавалері болған, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін» медалін иеленген Перепеленко Арсений Федорович те бар еді. Ол «Құрметті теміржолшы» атағына ие болып, Омбы темір жолының Московка станциясында вагон депосының басшысы болып жұмыс істеді. ![]() 1941 жылы, Ұлы Отан соғысы басталғаннан кейін екі аптадасын техникум жабылды. Студенттердің кейбіреулері Саратов, Ақтөбе, Томск, Омбы қалаларына оқуларын жалғастыру үшін жіберілді, ал студенттердің көбі бірден майданға аттанып кетті. ![]() Петропавл қаласының сегіз арнайы орта оқу орнының арасында темір жол көлігі техникумы әрқашан алдыңғы қатардан көрінетін. 60-ыншы жылдардың өзінде техникум бірінші болып (жалғыз өзі ғана) шетел тілдерін үйренуге арналған лингафон кабинетіне ие болды. Сол кезде техникум үрмелі аспаптарымен танымал болып, ол қалалық жиынтық оркестр құрамына кірді. Жаңа оқу корпусының спорт залы ұзақ уақыт бойы үздік спорт залдарының бірі болған. Мұнда, әсіресе қысқы уақытта түрлі спорт сайыстары өткізіліп отыратын.
Білім және ғылым министрлігінің 1996 ж. 11.12 №312 бұйрығының негізінде техникум колледж мәртебесін алды. Қызмет еткен жылдары колледж 12 мыңнан астам маман даярлады. Түлектер Қазақстанның және ТМД елдерінің темір жол көлігі тарихына жарқын беттер қосып келеді. Олардың көбі кәсіпорындардың, өндірістік телімдердің басшылары, өндіріс жаңашылдары, кәсіптік оқу орындарының, оның ішінде біздің колледждің оқытушылары болып табылады. Теміржолшылар әулетінің қалыптасқаны көңіл толтыратын жағдай - Баранцевтер, Кийколар, Рабчуктар, Санкиндер, Стыцютар, Чернухалар, Филатовтар … ![]() 2000 жылдан бастап колледжді өндірістік оқыту шеберінен бастап колледждің бірінші басшысына дейінгі жолдан өткен оның түлегі Шатковский Михаил Леонидович, техника ғылымдарының кандидаты, доцент, Халықаралық көлік академиясының академигі басқарады. Білім беру саласындағы еңбегі үшін М.Шатковскийге «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері» атағы берілді, ол «Ы.Алтынсарин» белгісімен марапатталған. Колледждің басты байлығы – адамдар. Оқытушылардың құзыреттілігі, жоғары біліктілігі және үлкен жұмыс өтілі жас буынға сапалы білім беруге мүмкіндік береді. Педагогикалық еңбек ардагерлері Д.С. Ефремов, М.И. Пальченко, А.Н. Котляров, Е.М. Ковалева, Ж.Н. Баштанник, К.П. Федотова, П.М. Добродомов, М.А. Летягин, Э.М. Василеску, Т.И. Бориско С.И. Казанцева, Т.Д. Тропицына және басқалар колледжге сан жылдарын берді. Ұзақ жылдар бойы Л.Ф. Курбанова, Н.А. Бегімова, Г.Ш. Галимулин, Н.П. Никитина, Л.Н. Жаравина, Б.В. Шипулин табысты еңбек етуде.
Жарқын тарихы, дәстүрлер жалғастығы, жоғары білікті мамандар, оқу-материалдық базаны үнемі жаңғырту – міне, басты міндет – еңбек нарығында талап етілетін білікті және бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау міндетін шешуге мүмкіндік беретін құндылықтардың шамамен алынған тізімі. Жыл сайын мыңнан астам оқушы колледж қабырғасында білім алады. ![]() Он жылдықтар бойы колледждің материалдық-техникалық базасы құрылып және жетілдіріліп келеді. Осы уақытта колледжде оқу үдерісін ұйымдастыруға арналған 47 оқу кабинеті мен зертхана, 6 шеберхана цехы бар, ![]() Аймақ қажеттілігіне байланысты 2007 жылдан бастап колледж техникалық және кәсіптік білім берудің жаңа «Көтергіш көлік, құрылыс, жол машиналары мен жабдықтарын техникалық пайдалану», «Мұнай-газ және жанар май құю станцияларын салу мен пайдалану», «Жылу-техникалық жабдық және жылумен қамтамасыз ету жүйелері» мамандықтары бойынша кадрларды даярлауды жүзеге асыра бастады. Жаңа мамандықтардың ашылуына және дамуына байланысты жаңа зертханалар құрылып, олар кәсіптің қыр-сырын мейілінше жақсы игеруге мүмкіндік беруде, атап айтсақ: «Автомобильдер, тракторлар мен жол машиналары», «Жанар май құю станциялары, газ құю станциялары және мұнай қоймалары» зертханалары.
Адамзаттың барлық жетістіктері энергияны тұтынумен байланысты. Елде энергияны пайдаланудың тиімділігіне қарап, оның ғылыми-техникалық және экономикалық әлеуеті туралы айтуға болады. Колледж энергетикалық тұрғын үй-коммуналдық бағыттағы ұйымдар мен кәсіпорындардағы жылу техникалық жабдық және жылумен қамтамасыз ету жүйелеріне қызмет көрсету және пайдалану бойынша мамандарды даярлайды және аталған бейіндегі мамандарды даярлау жүзеге асырылатын Солтүстік Қазақстан облысындағы жалғыз оқу орын болып табылады. Ағымдағы оқу жылының басында біздің колледждің оқушылары үшін жаңа құрылған «Гидравлика, жылу техникасы және мұнай химиясы» зертханасының есігі айқара ашылды. Әлеуметтік серіктер «Солтүстік Қазақстан ЭНЕРГО» АҚ, «Петропавл жылу желілері» кәсіпорындарымен тығыз байланыс, арнайы пәндердің оқытушылары және дипломдық жобалау жетекшілері ретінде кәсіпорындардың жетекші мамандарын тарту техник-жылу техниктерін даярлау сапасын арттыруға мүмкіндік береді. ![]() Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіқалықова және Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Біләлов Серік колледжге келген жолы Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде мамандарды табысты даярлауға мүмкіндік беретін оқу-материалдық база аталып өтілді. Мамандарды даярлаудың сапасын жетілдіру жолдарының бірі оқытудың жаңа әдістері мен тәсілдерін қолдану, ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады, оларды дамытуға және оқу-тәрбие үдерісіне енгізуге колледжде ерекше назар аударылады. Осы мақсатпен ақпараттық технологиялар зертханасы және үш оқу корпусы мен 170-тен астам компьютерді қамтитын жергілікті желі құрылды. Барлық мамандықтар бойынша базалық кәсіпорындармен әлеуметтік серіктестік сақталуда және дамуда. Тәжірибенің барлық түрлерінен өтуге шарттар жасалуда, оқу сабақтарын өткізуге кәсіпорындар базасы қолданылуда, дипломдық жобалауға басшылық етуге көмек көрсетілуде, жұмыс беріле отырып мақсатты оқыту, кабинеттер мен зертханалардың оқу-материалдық базасын нығайту, темір жол кәсіпорындарының жетекші мамандарын арнайы пәндерді оқытуға тарту және т.б. жүзеге асырылуда. Әлеуметтік серіктер: «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, Оңтүстік Орал темір жолы Петропавл бөлімшесі, «Солтүстік Қазақстан ЭНЕРГО» АҚ, «Петропавл жылу желілері», Петропавл қаласының және Солтүстік Қазақстан облысының өнеркәсіптік кәсіпорындары, ұйымдары мен мекемелері болып табылады. ![]() Кәсіптік білім жүйесінің түлегі біздің қоғамда тек қана білікті маман ғана емес, сонымен қатар патриот азамат ретінде талап етіледі. Колледжде «Полилог» жастардың саяси-пікірталас клубы құрылған және жұмыс істеуде. Жұмыстың негізгі бағыты ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауларын зерделеу, саяси оқиғаларды талқылау бойынша дөңгелек үстелдер, пікірталастар өткізу болып табылады. Петропавл темір жол көлігі колледжі Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы бағыттарының бірін іске асыру аясында электрондық оқытуды (e-learning) енгізу бойынша эксперименттік алаң болып табылады. 2011-2012 оқу жылында колледждің оқытушылары мен әкімшілігі электрондық оқыту жүйесінде жұмысты ұйымдастыру және оның әдістемесі бойынша курстық даярлықтан өтті. 2012-2013 оқу жылында колледж қажетті жабдықпен қамтылып, Wi-Fi арқылы Internet желісіне қол жеткізу қамтамасыз етілді, ЭОЖ базасына оның қызмет етуі үшін қажетті барлық деректер – студенттер, инженер-педагог қызметкерлер туралы, жүргізетін оқу пәндері туралы мәліметтер құрылды және енгізілді. 2014 жылы Петропавл темір жол көлігі колледжі «Серпін-2050» білім беру бағдарламасының қатысушысы болды. «Серпін-2050» - жастар арасындағы жұмыссыздықты төмендетуге және кадрлармен қамтуға бағытталған бағдарлама. Бұл бағдарлама үшін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі арнайы квоталар бөлген. «Серпін-2050» бағдарламасының негізгі мақсаты – елді индустрияландырудың келешекте даму жоспарларының және еңбек ресурстарын тиімді бөлудің негізінде аймақтарда талап етілетін мамандықтарды дәріптеу. «Серпін-2050» республикалық бағдарламасы Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарының жастарына арналған. ![]() Петропавл темір жол көлігі колледжіне Оңтүстік Қазақстан мектептерінен 50 түлек оқуға түсіп, темір жол бейініндегі ең қажетті мамандықтар бойынша білім алуда. Балалармен бірқатар іс-шаралар өткізіліп, онда білім алушыларға колледж туралы ғана емес, сондай-ақ Петропавл қаласы туралы көп қызық мәліметтер беріледі. Көптеген студенттер қалалық мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шаралардың белсенді қатысушылары болып табылады, спорт секцияларына тартылған. Оқу орнының білім беру ісіндегі жетістіктері:
Петропавл темір жол көлігі колледжінің ұжымы Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында жұмысты жалғастырып жатыр. | |||||||||||||||||
Хостинг: IDhost.kz |
|