ҚАЗ РУС
Сенім телефондары





15.12.2012
Оқушылардың кәсіптік даярлық деңгейлерін бағалау

2012 жылғы 12-13 желтоқсан «Республикалық техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту және біліктілік беру ғылыми-әдістемелік орталығы» РМК Петропавл темір жол көлігі колледжінде Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 28 бабына сәйкес «Көтеріп-тасымалдағыш, құрылыс, жол машиналары мен жабдығын техникалық пайдалану» және «Жылу техникасы жабдығы мен жылумен қамтамасыздандыру жүйелері» мамандықтары оқушыларының кәсіби даярлық деңгейлерін бағалауды өткізді.

Кәсіби даярлық деңгейлерін бағалау төмендегілерді ескереді:

1. Аталған мамандықтар бойынша теориялық тестілеу;

2. Біліктілік жұмысын орындау (тәжірибелік тестілеу).

Тестілеуге 79 оқушы қатысты.

Фотогалерея>>

15.12.2012
«Менің Тәуелсіз Қазақстаным» қабырға газеті байқауы

13.12.12 жылы Петропавл темір жол көлігі колледжінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Менің Тәуелсіз Қазақстаным» тақырыбына қабырға газеті байқауы өтті.

Байқауға I және II курс оқушылары қатысты.

Әділқазылар алқасының мүшелеріне: Директордың тілдерді дамыту жөніндегі орынбасары И.Т.Қазиева, жалпыгуманитарлық пәндер төрайымы Н.А.Бегімова, қазақ тілі пәні мұғалімі Ж.С.Мусина кірді.

Байқаудың нәтижесі бойынша:

I орын – Л-23 топ;

II орын – Т-21 топ;

III орын – ДМ-22 топ.

Сонымен қатар әділқазылар алқасы ДМ-11,Э-11, Д-23 топтардың қабырға газеттерін ерекше атап өтті.

Жарайсыңдар! Құттықтаймыз!

Фотогалерея>>

12.12.2012
Жастар саясаты бойынша дөңгелек үстел

11.12.12 жылы Петропавл темір жол көлігі колледжінде СҚО жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма өкілдерімен, Балалар мен жастар ҮЕҰ бөлім бастығы П.И.Шиловпен кездесу өтті.

Сұхбат барысында колледж белсенділері Басқарма жұмысының негізгі бағыттарымен танысты, балалар оларды қызықтыратын тақырыптар: жастардың құқықтарын қорғау, жұмысқа орналасу, жастар саясаты туралы сұрақтар қою мүмкіндігіне ие болды.

12.12.2012
Колледж оқушылары – біздің мақтанышымыз!

Әбілмәжінов Бақыт Сағындықұлы Петропавл темір жол көлігі колледжінде оқи отыра, «Алғыс» ӘПК-ның белсенді жауынгері, ҰОС жауынгерлерінің мүрдесін көтеру бойынша Халықаралық вахтаға қатысушы болды. Бақыт РФ әскери күштеріне 2011 жылы шақырылды.

Әскери борышын Ленинград облысы Выборг қаласында өтеді. Емтиханды табысты тапсырып, Севастополь қаласына қызметке жолданды. Абхазияда «Кавказ 2012» оқуынан үлкен «Николай Фильченко» десант кемесінде өтті. Оқуды тәмамдағасын кіші сержант атағын алды.

Осы уақытта колледжде оқуын жалғастыруда.

12.12.2012
Гүлдене бер, Қазақстаным, туған жерім

12.12.12 жылы Петропавл темір жол көлігі колледжінің акт залында Б-21, Д-22, Д-23, В-12, В-22, Т-33 топтардың қатысуымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Гүлдене бер, Қазақстаным, туған жерім» атты сынып сағаты өткізілді.

Шараның мақсаты: оқушылардың өз туған жеріне, Отанына, мемлекеттік тілге, нышандарға деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Іс-шараны ұйымдастырғандар жалпы гуманирарлық пән оқытушылары Жамұлдинова Р.С., Ақышова Д.Ж..

Фотогалерея>>

Страница 324 из 327