ҚАЗ РУС
Сенім телефондары





24.05.2013
«АҚТҚ-инфекция туралы әр адам білуі тиіс» сынып сағаты

05.04.2013 жылы Петропавл темір жол көлігі колледжі кітапханасының оқу залында 1 курс В-11, Э-11, Д-11 топтарының қатысуымен ЖҚТБның алдын алу орталығының маманы О.С.Симухина «АҚТҚ-инфекция туралы әр адам білуі тиіс» тақырыбы бойынша тақырыптық сынып сағатын өткізді.

24.05.2013
«Есірткіге тәуелділік» сұхбаты

02.04.2013 ж. Петропавл темір жол көлігі колледжінің акт залында Облыстық наркологиялық диспансердің бөлімше меңгерушісі Г.В.Андреева және ҰҚКД өкілдері 1-2 курс оқушыларымен «Есірткіге тәуелділік» тақырыбы бойынша алдын алу сұхбатын өткізді.

24.05.2013
Бақытжан Жұмағұлов: Біз үшін ең бастысы – білім сапасы

Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың екінші жылы аяқталды. Ендігі жерде артта қалған қиындықтарды ой елегінен өткізіп, алғашқы жетістіктерді, сондай-ақ, қылаң берген жаңа айшықтарды да саралайтын уақыт келген сияқты. ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловпен арада болған әңгіме осы бағытта өрбіді.

– Бақытжан Тұрсынұлы, жақында Үкіметте мемлекеттік бағдарламаның орындалу барысы туралы баяндамаңызда сіз қысқа мерзім ішінде ондаған түбегейлі жаңалықтар енгізілгенін атап өттіңіз. Мемлекет үшін ерекше маңызы бар деп есептейтіндерін атай аласыз ба?

– Біз іске қосқан немесе қосқалы жатқан жаңа тетіктердің бәрі де маңызды. Олардың барлығы мемлекет басшысы қойған жаңа сапалы білім беру жүйесіне көшу сияқты амбициялық міндетті шешуге жұмылдырылған. Менің ойымша, елді елең еткізетіні – электрондық білім беру, жан басылық қаржыландыру, сапаны ұлт деңгейінде қадағалау, Кембридж университеті бағдарламасы бойынша оқытушылар біліктілігін арттырудың мүлдем жаңа жүйесі, колледж және жоғары оқу орындарының түлектерін тәуелсіз сертификаттау. Сонымен қатар академиялық мобильділік бағдарламаларын жетілдіру, жыл сайын 1000-нан астам таңдаулы шетел профессорларын шақыру, жоғары оқу орындары желісін оңтайландыру және т.б. шаралар арқылы жоғары білім беру сапасын жақсарту. Бұл жаңалықтар білім алушыларды мейлінше кең қамтып, педагогтар мен ата-аналар, тұтастай алғанда қоғамның ықыласын тудыруда.

Статья полностью >>

24.05.2013
Ақпараттық пәндер оқытушылары циклдік әдістемелік комиссиясының отырысы

19.03.2013 ж. Петропавл темір жол көлігі колледжінің базасында техникалық және кәсіптік білім мекемелері ақпараттық пәндер оқытушылары циклдік әдістемелік комиссиясының отырысы өткізілді. Отырысқа 23 техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орнының 28 өкілі қатысты.

Келесі сұрақтар қарастырылды:

1. Курстық және дипломдық жобалау барысында кәсіптік құзыреттілікті қалыптастыру - мамандар бәсекеге қабілеттілігінің негізі ретінде;

2. «Деректер базаларымен жұмыс істеу үшін қосымша құру» шеберлік класы;

3. Техникалық және кәсіптік білім ұйымдарында электрондық оқыту жүйесін (E-Learning) енгізу: қиындықтар және шешімдер іздеу.

Фотогалерея>>

20.03.2013
Наурыз думан, Наурыз той

Петропавл темір жол көлегі колледжінде 14.03.2013 – 20.03.2013 аралығында Наурыз мерекесіне қарсы жалпы гуманитарлық пәндердің апталығы өткізілді. Алдын ала құрылған жоспар бойынша сайыстар, тәрбие сағаттары, сазды кеш, конкурстар өткізілді.

14.03.2013 Колледж спортзалында «Қазақша күрес» және «Арқан тарту» спорт бәсекелері өткізілсе, қазақ тілі кабинетінде қазақтың ұлттық ойындары «Тоғыз құмалақ», «Асық ойнау» ойналды.

Фотогалерея>>

15.03.2013 «Жігіт сұлтаны» сайысы “сегіз қырлы, бір сырлы” жігітті анықтады. Оқушылар қазақтың мақал-мәтелдерін, қазақтың хандарын, батырларын, билерін атады. Дартс пен армреслингте бәсекелесті, қазақтың «Қара жорғасын» билеп, кір көтерді. «Жігіт сұлтаны» 1 курс оқушысы Куралов Бексултан болды.

Фотогалерея>>

18.03.2013 «Қазақтың салт-дәстүрлері» тәрбие сағаты оқытушы Ж. С. Мусина жетекшілігімен өткізілді. Оқушыларды қазақтың салт-дәстүрлерімен таныстырып «Тұсау кесер» рәсімі көрсетілді.

19.03.2013 Колледж акті залында «Наурыз думан, Наурыз той» мерекелік сазды кеш өтті (ұйымдастырушылар: А. Б. Сулейменова, Д. Ж. Ақышова). Акті залы безендіріліп, оқушылар бірнеше тілде әндер шырқады, қазіргі билер және басқа халықтардың билері орындалды.

Фотогалерея>>

20.03.2013 «Біз Наурыз тойы туралы не білеміз?» атты тәрбие сағаты өтті (оқытушы Р. С. Жамулдинова).

1, 2 курс оқушылары Наурыз мерекесіне арналған қабырға газетін байқауына қатысты.

I орын – Э-11 топ;

II орын – Л-11 топ;

III орын – Д-23, Л-22 топтары.

Страница 317 из 325