ҚАЗ РУС
Сенім телефондары





24.05.2013
Естелік вахтасы-2013

22.04.2013 жылы Петропавл темір жол көлігі колледжінің оқушылары: Б.Әбдірахманова, А.Сұлтанов, А.Курбанов, С.Ченцов Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан жауынгерлердің сүйектерін көтеру үшін «Поиск» жасағының құрамында Тула облысына жол жүріп кетті.

24.05.2013
«Көктемгі мейірімділік апталығы» акциясы

«Көктемгі мейірімділік апталығы» акциясының шеңберінде Петропавл темір жол көлігі колледжінің оқушылары еңбек ардагері Фоминых Елизавета Ивановнаға (1913 жылы туған) және еңбек ардагері Егоров Иван Степановичке (1927 жылы туған) жеке аулаларын абаттандыруда көмек көрсетті.

Оқушылар колледж бен Қалалық мәдениет және демалыс саябағының аумағын абаттандыру жұмысына белсене қатысты.

24.05.2013
Оқушылардың кәсіптік даярлық деңгейін бағалау

2013 ж. 15-19 сәуір «Республикалық техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың және біліктілікті берудің ғылыми-әдістемелік орталығы» РМК Петропавл темір жол көлігі колледжінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 28 бабына сәйкес «Есеп және аудит», «Темір жол жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету», «Газ-мұнай және жанар май құю стансаларын салу және пайдалану», «Тасымалдауды ұйымдастыру және көліктегі қозғалысты басқару» және «Электрмен жабдықтау» мамандықтары оқушыларының кәсіби даярлық деңгейлерін бағалауды өткізді.

Кәсіптік даярлық деңгейін бағалау келесіні ескереді:

1. Арнайы пәндер бойынша теориялық тестілеу;

2. Біліктілік жұмысын орындау (тәжірибелік тестілеу).

224 оқушы біліктілік емтиханын табысты тапсырды және тәжірибелік тапсырмаларды орындады. Колледждің 8 оқушысы тестілеуден қайта өтуі керек.

24.05.2013
Талапкер-2013

12.04.2013 ж. Петропавл темір жол көлігі колледжінде №1 ОМ 11 сынып оқушыларының колледж арнайы пәндер оқытушыларымен кездесуі өтті. Кездесу барысында колледж тарихы, оның жетістіктері, Қазақстан Республикасында және ТМД елдерінде табысты еңбек етіп жатқан түлектері туралы әңгімеленді.

Колледж оқытушылары әр мамандық бойынша өндірістік қызмет түрлері туралы, көбі колледж түлектері болып табылатын жетекші оқытушылары туралы көп мағлұмат берді. Бұл кездесу аудиторияның үлкен қызығушылығын туғызды.

24.05.2013
Облыстық «Бізді қоршаған физика» зияткерлік турнирі

2013 ж. 10 сәуір Петропавл темір жол көлігі колледжінде физика бойынша облыстық «Бізді қоршаған физика» зияткерлік турнирі өтті. Турнирді өткізудің мақсаты – физикаға деген қызығушылықты дамыту, қолданбалы физика саласында ой-өрісті кеңейту. Турнирге Солтүстік Қазақстан облысы колледждерінің – Қызылжар аграрлық-техникалық колледжінің, Петровка аграрлық техникалық колледжінің, Тайынша агробизнес колледжінің, Солтүстік Қазақстан құрылыс-экономикалық колледжінің, гуманитарлық-техникалық колледждің, СҚУ колледжінің, Петропавл темір жол көлігі колледжінің 21 бірінші курс оқушысы қатысты.

Зияткерлік турнирдің қазылар алқасы: төрайымы С.В.Спиченок, Петропавл қ. № 1 орта мектебі оқу ісінің меңгерушісі, қазылар алқасының мүшелері – А.М.Құсайынова – СҚО Білім басқармасының кәсіптік білім және кадрларды даярлау бөлімінің бастығы, К.А.Сәрсенова – СҚО Білім басқармасының маманы, А.Б.Ерденова – білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының әдіскері, С.В.Мироняк – Петропавл темір жол көлігі колледжі директорының ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары, И.Н.Шадымова – Петропавл темір жол көлігі колледжінің физика оқытушысы.

Үш байқау кезеңінде физика білгірлері физиканың түрлі салалары бойынша білімдерін ортаға салды, көрнекі есептерді шешіп, сөзжұмбақтарды толтырды және қызықты физика тәжірибелеріне қатысты. Зияткерлік турнирдің жеңімпаздары: 1 дәрежелі дипломмен Петропавл темір жол көлігі колледжінің оқушысы Бабаев Давид, 2 дәрежелі дипломмен Қызылжар аграрлық-техникалық колледжінің оқушысы Любых Максим, 3 дәрежелі дипломмен гуманитарлық-техникалық колледждің оқушысы Сафронова Кристина марапатталды.

Фотогалерея>>

Страница 316 из 325