ҚАЗ РУС
Сенім телефондары





22.09.2013
Білім күні

2013 жылғы 1 қыркүйек күні Қалалық мәдениет үйінде Білім күніне арналған салтанатты жиналыс өтті. Концерттік бағдарламаға танымал орындаушы Юрий Зайберт, «Арабеск» шоу – балеті және «Шестое чувство» вокалдық тобы қатысты.

22.09.2013
ХАБАРЛАНДЫРУ

2013 жылғы 1 қыркүйек күні сағат 10.00-де Қалалық мәдениет үйінде барлық І курс және жаңа қабылданған ІІ курс (Л-22 және Э-23 топтар) оқушылары үшін Білім күніне арналған салтанатты жиналыс өтеді.

Сынып жетекшілері оқушыларды №1 корпустың алдында сағат 09.30-да қарсы алады.

Барлық оқушылардың келуі міндетті.

22.09.2013
ТҮЛЕК – 2013

2013 ж. 03 шілде күні Петропавл темір жол көлігі колледжінде «Есеп және аудит», «Темір жолдардың жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету», «Газ-мұнай және жанар май құю станцияларын салу және пайдалану», «Тасымалдауды ұйымдастыру және көліктегі қозғалысты басқару» және «Электрмен жабдықтау» мамандықтары бойынша күндізгі оқу нысанының түлектеріне дипломдар табыс етілді.

«Есеп және аудит» мамандығы бойынша 2013 жылғы 20 түлектің ішінде 1 түлек үздік үлгідегі диплом алды..

«Темір жолдардың жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету» мамандығы бойынша 2013 жылғы 86 түлектің ішінде 2 түлек үздік үлгідегі диплом алды.

«Газ-мұнай және жанар май құю станцияларын салу және пайдалану» мамандығы бойынша 2013 жылғы 25 түлектің ішінде 2 түлек үздік үлгідегі диплом алды.

«Тасымалдауды ұйымдастыру және көліктегі қозғалысты басқару» мамандығы бойынша 2013 жылғы 38 түлектің ішінде 6 түлек үздік үлгідегі диплом алды.

«Электрмен жабдықтау» мамандығы бойынша білім алған 2013 жылғы 59 түлек қалыпты үлгідегі диплом алды.

Келесі оқушылар үздік үлгідегі диплом алды: Юрьева Евгения (Б-31), Лашуня Вадим (Л-42), Торохтий Александр (Л-42), Ярославцева Марина (ГЗС-31), Невзорова Анастасия (ГЗС-31), Бободжонов Бехруз (Д-41), Иванова Дарья (Д-42), Латышева Виктория (Д-42), Налобин Юрий (Д-42), Панченко Алёна (Д-42), Сивачок Регина (Д-42).

07.07.2013
Түлек – 2013

26 маусымнан бастап 28 маусымға дейін Петропавл темір жол көлігі колледжінде «Электрмен жабдықтау» мамандығы бойынша дипломдық жобаларды қорғау өтті.

Қорғауға 59 адам жіберілді. Олардың барлығы жұмыстарын «Жақсы» және «Үздік» деген бағаға қорғады. Бұл мамандықтың мерейтойлық – 10 рет шығарылған түлектері. Барлығы 10 жыл бойы 529 адам шығарылды, олар біздің еліміздің энергетика шаруашылығында еңбек етуде. Түлектердің көбі оқуларын жоғары оқу орындарында жалғастырып, өздерінің біліктіліктерін арттырды.

Мамандықтың еңбек нарығында талап етілуі жоғары деңгейде тұр, барлық түлектер мамандығы бойынша жұмыс табады.

07.07.2013
«Дені сау ұрпақ – біздің еліміздің болашағы» акциясы

2013 ж. 26 маусым күні Пестрое көлінің жағасында «Дені сау ұрпақ – біздің еліміздің болашағы» акциясы өтті.

Петропавл темір жол көлігі колледжінің оқушылары Халықаралық нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес күніне арналған іс-шараға белсене қатысты.

Страница 315 из 327