ҚАЗ РУС
Сенім телефондары





22.10.2013
Облыс колледждері арнайы пәндер оқытушыларының біліктілікті арттыру курстары

2013 ж. 16 қазан күні Петропавл темір жол көлігі колледжінде біліктілікті арттыру курстарының тыңдаушылары - облыс колледждерінің арнайы пәндер оқытушылары үшін бірқатар іс-шаралар өткізілді:

арнайы пәндердің оқытушысы Торлопова Марина Владимировна – арнайы пәндер кабинетінің тұсаукесері;

арнайы пәндердің оқытушылары Константинова Оксана Николаевна және Баймышева Елена Федоровна – оқытушының ОӘК;

арнайы пәндердің оқытушысы Задорожный Владимир Викторович – зертханалық-тәжірибелік сабақтарды өткізудің сапасын арттыру үшін зертхана жабдығын қолдану;

арнайы пәндердің оқытушысы Сачков Алексей Николаевич – «Электрлік жылжымалы құрам» зертханасының қолданыстағы жабдығы пайдаланылатын тәжірибелік жұмыс элементтері»;

арнайы пәндердің оқытушысы Ионов Александр Владимирович және арнайы пәндер ЦӘК төрайымы Никитина Нина Павловна – мамандарды даярлаудың сапасын арттыру мақсатында Петропавл темір жол көлігі колледжіндегі халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру туралы;

директордың оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары Галимулин Галимжан Шакирович – Петропавл темір жол көлігі колледжінде дуалдық оқыту элементтерін енгізу;

арнайы пәндердің оқытушысы Жаравина Людмила Николаевна – сабақтардың тиімділігін арттыру үшін әлеуметтік серіктердің базаларын пайдалану.

09.10.2013
«Бір ел – бір кітап» акциясы. Фариза Оңғарсынованы оқимыз

2013 жылғы 2 қазан күні Петропавл темір жол көлігі колледжінің кітапханасында «Бір ел – бір кітап. Фариза Оңғарсынованы оқимыз» акциясының шеңберінде «Әйелдің монологы» - «Монолог женщины» әдеби кеші өткізілді.

Іс-шараны өткізуге Д-11 топ (сынып жетекшісі Е.Ф.Баймышева) және Д-21 топ (сынып жетекшісі В.А.Симонов) қатысты.

Баяндамаларда Фариза Оңғарсынова шығармаларының көп мәнділігі жайында сөз қозғалды. Оның шығармашылығы тақырыбының кеңдігімен ерекшеленеді. Ол махаббат және достық туралы, өз халқының тарихы туралы жазады. Оның кітаптары жоғары азаматтық және интернационализммен, адамгершілік құндылықтарды қорғаумен ерекшеленеді. Оның өлеңдерінде қазіргі әйел тағдыры туралы өткір және терең жалынды лирика, табиғаттың көркем көріністері және терең ойға бату әсем үйлесім табады.

Іс-шараны өткізу барысында қазақ және орыс тілдерінде поэзия жолдары оқылды, бейнелер жүйесіне, ойлар мен сезімдердің желісіне, соны түр мен мазмұнына талдау жасалды. Интерактивті тақтада музыкамен сүйемелденген слайдтар көрсетілді.

Кітапхананың оқу залында «Жыл кітабы - Фариза Оңғарсынованың «Дауа» жыр жинағы» - «Книга года – поэтический сборник Фаризы Унгарсыновой «Дауа» кітап көрмесі ресімделді.

09.10.2013
«Тілдерді білу – заман талабы» дөңгелек үстелі

2013 жылғы 20 қыркүйек күні Петропавл темір жол көлігі колледжінің кітапханасында Қазақстан халқының тілдері күніне арналған «Тілдерді білу – уақыт талабы» - «Знание языков диктует время» дөңгелек үстелі өткізілді.

Іс-шараны өткізуге В-11 топ (сынып жетекшісі – Т.А.Михеева) және Л-11 топ (сынып жетекшісі – В.Г.Смирнов) оқушылары қатысты.

Іс-шараға қатысушылар Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстан - 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында алға қойған жаңа мақсаттар мен міндеттерді талқылады, онда тілдерді дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатқа ерекше орын берілген. Тілдерді білу қазіргі, әсіресе жас, келешегінен зор үміт күттіретін, еңбек нарығында талап етілген адамдар үшін көп тілді қоғамда көп мүмкіндіктер береді.

Тілдердің үш тұғырлығы туралы ой бөлісе отырып, балалар мемлекеттік тілдің маңыздылығын атап өтіп, тілдің саяси-құқықтық мәртебесі Конституцияда және «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңда бекітілгеніне тоқталды. Балалар жүргізушілердің сұрақтарына сауатты жауап берді және мемлекеттік тілді іске асыруды дамыту саласындағы құқықтық аспектілер бойынша жақсы білімдерін көрсетті.

Іс-шараны өткізу барысында қазақ, орыс және украин тілдерінде поэзия жолдары оқылып, бір-бірімен біте қайнасып, бірін бірі толықтырып отырды. Интерактивті тақтада музыкамен сүйемелденген слайдтар көрсетілді.

30.09.2013
Ел тірегі - тіл

27.09.1913 ж Қазақстан халқы фестивалі аясында университеттің акт залында «Ел тірегі-тіл» жастар акциясы өткізілді. Акцияға директордың тілдерді дамыту жөніндегі орынбасары Қазиева И.Т. жетекшілігімен Э-21 топ оқушылары қатысты.

22.09.2013
Қазақстан халқының тілдері күні

Жыл сайын колледжде Қазақстан халқы тілдерінің күніне орай Тілдер апталығы өткізіледі. Алдын ала құрылған жоспар бойынша қызықты және әр алуан іс-шаралар ұйымдастырылады.

Осы жолы қазақ тілі оқытушылары «Бақытты сәт» (Д.Ж.Ақышова), «Сөз мергені» (А.Б.Сүлейменова) байқау сабақтарын, «Тапқыр достар» зияткерлік ойынын (Ж.Ө.Әділбаева) дайындады және өткізді. «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» әдеби-сазды кеші акт залында өткізілді (Ж.С.Мусина).

Тілдер апталығы ағылшын тілі оқытушыларымен (Р.С.Жамұлдинова, Л.В.Девальд) бірлесе, үш тілде өткізілген «Қазақстан – ортақ үйіміз» сынып сағатымен қорытындыланды.

Страница 314 из 327