2019 жылдың 14 наурызда Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжі базасында «Жастар: кәсіптік болашақ траекториясы» атты облыстық студенттік форум өтті, бұған Солтүстік Қазақстан облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері, мектеп оқушылары қатысты.
Форум жұмысы келесі бағыттар бойынша тақырыптық алаңдар шеңберінде түрлі форматтағы іс-шараларды біріктірді:
1. «IT-технологиялар кәсіби қызметте табыс факторы ретінде»;
2. «Жастар мен бизнес: табысқа алғашқы қадамдар»;
3. «Қазақстанның отын-энергетика саласы: қазіргісі және болашағы»;
4. «Техникалық шығармашылық үйірмелерінің қызметі арқылы кәсіби шеберлікті дамыту»;
5. «Студенттердің кәсіби-тұлғалық қасиеттерін дамыту»;
6. «Кәсіби тәжірибеден өту кезінде өндірістік жағдайларды модельдеу кәсіби қызметке дайындық факторы ретінде».
Форум аясында техникалық шығармашылық көрмесі өткізілді. Форум алаңдарында студент жастары болашақ кәсіби қызметке дайындықтың, елдің инновациялық дамуының, жастар кәсіпкерлігінің өзекті мәселелерін талқылады.
2019 жылдың 13 наурызда Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінде Азаматтық қорғаныс күні өтті.
Бұл күн ХАҚҰ Бас Ассамблеясының 9 сессиясы кезінде 1990 жылы жарияланды.
Азаматтық қорғаныс-бейбіт азаматтарды қорғау үшін құрылған арнайы құрылым. Уақыт өте келе бұл ұйымның міндеттері біршама кеңейтілді. Енді ол соғыс кезінде халықты қорғаумен ғана емес, табиғи, техногендік және басқа да апаттар кезінде азаматтарды құтқарумен де айналысады.
1 наурыз – Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс туралы шешім жариялау 1990 жылы ХАҚҰ Бас Ассамблеясының 9 сессиясы кезінде қабылданды.
Бас Ассамблеяның Халықаралық Азаматтық Қорғаныс Ұйымының қарарына сәйкес жыл сайын 1 наурыз Бүкіләлемдік Азаматтық қорғаныс Күні. Ағымдағы жылы бұл күн «Біздің міндетіміз – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» ұранымен өтті. ҚР ІІМ ТЖ Комитеті балалар мен елдің қазіргі жастары арасында азаматтық қорғау саласындағы білімді насихаттауға үлкен мән береді. Осыған байланысты жоғары оқу орындарында, мектептерде, мектепке дейінгі мекемелерде және басқа да оқу орындарында осы күні арнайы сабақтар өткізіледі, ойындар, жарыстар, сайыстар ұйымдастырылады, онда қатысушылар өзін-өзі қорғаудың қажетті дағдыларын игереді, әртүрлі дағдарыстық жағдайлар туындаған кезде өзін қалай сақтап, айналасындағыларды қалай сақтап қалуға үйренеді.
Гүлдей болсын өміріңіз,
Нұрға толсын көңіліңіз.
Биік боп жұлдызыңыз
Көктемдей құлпырыңыз.
Бақыт қонсын басыңызға
Қолдап жүрсін Тәңіріңіз!
Сүйкімді ханымдар!
8 Наурыз – көктемнің сұлулығына толы күн. Бұл күні Сіздің жақындарыңыз, достарыңыз, әріптестеріңіз Сізді нәзік гүлдермен, жағымды сыйлықтармен және ізгі тілектермен қуантсын! Сіздерге шын жүректен денсаулық, сарқылмас қуат, отбасыларыңызға татулық пен келісім, жұмыста сәттілік пен жаңа жетістіктер, көктемгі жылылық пен күн шуағын тілейміз! Әр күндеріңіз бақытқа, махаббатқа, тыныштыққа толы болсын! Кез келген істеріңіз, армандарыңыз орындалсын, ал өмір тек жағымды сәттер сыйласын.
Мерекелеріңізбен!
2019 жылдың 6 наурызында Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің кітапханасында кітапханашы Т.А.Таранмен Д-11 және Д-21 топ студенттері үшін «О, әйелдер, біз сіздерді мақтан тұтамыз!» атты поэтикалық сағат өткізілді.
Іс-шараға қатысушылар көктемнің тыныс-тіршілігі барлық жерде сезінетін осы тамаша күндері "көктем" және "әйел" сөздері үйлесімді үндесетінін атап өтті. Осы тамаша мерекемен әйел қауымын мақтауға, дәріптеуге тағы бір мүмкіндік туады. Оған ең нәзік, ең жүрек жарды сезімдерімізді білдіріп, оның ел мен қоғам өміріндегі маңызды рөлін атап көрсетеміз.
Іс-шара барысында А.С.Пушкиннің, А.Толстойдың, Ф.И.Тютчевтің, М.Жұмабаевтың, К.Симоновтвң, Р.Гамзатовтың өлеңдері оқылып, нәзік жандарға арналған әндер шырқалды.
Интерактивті тақтада слайдтар көрсетіліп, кітапхананың оқу залында «Ваше величество, женщина» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
25.02-02.03.2019 аралығында Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінде жалпы кәсіптік пәндер апталығы өтті.
25 ақпан күні апталық аясында оқытушы В.В.Филитов В-41 топта «Сіздің денсаулығыңызды қорғаудағы жаңа технологиялар» конференция өткізді.
26 ақпан оқытушы Л. А.Клышпекова Д-33 топта «Еңбекті қорғау» пәні бойынша «Еңбек заңнамасы» бөлімі бойынша іскерлік ойын өткізді. Топ студенттерінен «Законники» және «Трудящиеся стрелочники» екі команда жасақталды. Ойын тапсырмалары ҚР Еңбек кодексінің баптары бойынша сұрақтардан тұрды. Ойын қорытындысы бойынша «Законники» командасы 60 ұпайдан 53 ұпай жинап жеңіске жетті, «Трудящиеся стрелочники» тобы 51 ұпайға ие болды.
1 наурыз күні оқытушы Р. Х. Курбанов «Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» мамандығының Д-33 топ студенттер арасында КОМПАС-3D бағдарламасында сызбаны орындау бойынша сайыс өткізді. Байқауға қатысушылар екі өлшемді сызу арқылы КОМПАС-3D бағдарламасын меңгерудің жоғары деңгейін көрсетті. Барлық қатысушылар қойылған міндеттерді сәтті орындады. Байқау жеңімпазы сертификатпен марапатталды.
1 наурыз күні оқытушы В. В.Семоненкомен Д-21 топта «Сызу» пәні бойынша «Тіліктер мен қималар» тақырыбында сайыс-тестілеу өткізілді. Тапсырмалар түсіндіріліп, тесттер берілгеннен кейін студенттер орындауға кірісті. Сайыс қорытындысы бойынша ең көп ұпай жинаған Баутина Александра жеңімпаз атанды.
2 наурыз оқытушы В.А.Симонов «Құрастыру сызбасын оқу» сайысын өткізді. Конкурс проходил в виде тестирования. Тапсырма бойынша кеңістіктік қиялды көрсете отырып, сызбаға сәйкес бөлшекті таңдау қажет болды. Сайыс қорытындысы бойынша Вероника Горчакова жеңімпаз атанды. Ол қойылған тапсырманы тез және дұрыс орындады.