ҚАЗ РУС
Сенім телефондары





24.11.2016
«Қазақстандықтар болашағы бiртұтас ел»

2016 жылғы 24 қараша күні С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап кітапханада облыс әкімі Е. Сұлтановтың Петропавл қаласы оқу орындарының студенттерімен «Қазақстандықтар болашағы бiртұтас ел» тақырыбындағы кездесуі өтті.

23.11.2016
Мәскеу түбіндегі шайқастың 75 жылдығына арналған пресс-конференция

Осыдан 75 жыл бұрын Қызыл әскер Мәскеу түбінде қиян-кескі ұрыс жүргізді. Неміс-фашист басқыншыларымен соңғы граната, соңғы оқ қалғанға дейін шайқасты. 1941 ж. гитлершілдерді тоқтату жолында жүз мың өмір құрбан болды. Мәскеуді сақтап қалу Кеңес Одағын тез әрі жеңіл жаулап алу мүмкін емес екендігін басқыншыларға сездірді. Бұл халықтың өшпес ерлігі.

Осы таңда Волоколамск түбіндегі 28 панфиловшылдардың жауынгерлік ерлігі естелік болып жүректерде сақталған. Ерліктің өзі қаһармандық пен жеңістің белгісіне айналды.

2016 ж. 23 қараша күні Петропавл темір жол көлігі колледжінің әлеуметтік-экономикалық пәндер оқытушысы Ф. Ю. Мигович Кеңес әскерінің Мәскеу түбіндегі жеңісіне 75 жыл толуына арналған пресс-конференция өткізді. Іс-шараны өткізуге Л-11 топ студенттері белсенді ат салысты.

Пресс-конференцияның негізгі мақсаты қазақстандық патриотизм мен белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру болып белгіленді.

23.11.2016
«Жас ұлан» әскери-спорттық ойыны

2016 жылғы 23 қараша күні Петропавл темір жол көлігі колледжінің спорт залында АӘД оқытушылары В. В. Гутевич пен А. М. Устинов І және ІІ курс студенттері командаларының арасында «Жас ұлан» әскери-спорттық ойындарын өткізді. Сайыстың бағдарламасына: саптық дайындық, атыс дайындығы, азаматтық қорғаныс және көп сатылы жарыс енді. ІІ курс командасы жеңіске жетті.

23.11.2016
«Мен Қазақстан Республикасының патриотымын» ерлік сабағы

2016 жылғы 23 қараша күні 25 жұлдызды күн аясында Петропавл темір жол көлігі колледжінің АӘД оқытушысы В. В. Гутевич «Мен Қазақстан Республикасының патриотымын» ерлік сабағын өткізді. Сабаққа студенттер «Қазақстандықтардың жауынгерлік ерліктері», «ҚР Тұңғыш Президенті жайлы», «Кішкентай Отаным жайлы» тақырыбындағы баяндамалар дайындап, сөз сөйледі. Сабақты «Біздің Қазақстан» бейнефильмін көрсету қорытындылады.

22.11.2016
«Қазақстан рәміздері – мемлекеттің ұлттық мақтанышы» тарихи-танымдық турнирі

2016 жылғы 22 қараша күні Петропавл темір жол көлігі колледжінің кітапханасында кітапхана меңгерушісі Г. М. Қабденова және кітапханашы Т.А. Таран Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Қазақстан рәміздері – мемлекеттің ұлттық мақтанышы» тарихи-танымдық турнирін өткізді.

Іс-шараны өткізуге Л-11 (сынып жетекшісі О. А. Мухамедшина) және Л-12 (сынып жетекшісі В. В. Гутевич) топ студенттері қатысты.

Қатысушылар Қазақстан рәміздері – егемендік пен тәуелсіздіктің, халық пен билік бірлігінің айқын айғағы екендігін атап өтті. Рәміздер мемлекеттің қазақстандық демократия идеясын, тұтастық пен жалпы адамгершілік құндылықтар мен гуманистік мұраттарға ұмтылуды көрсетеді. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – өз Отанын сүю және құрметтеу. Елдің Туы, Елтаңбасы және Гимні еркін ұлттың қол жеткен мұраты, адамдардың өз мемлекеттілігі жайлы ғасырлар бойы аңсаған арманы болып табылады.

Іс-шараның мақсаты: мемлекеттік рәміздер туралы білім деңгейін тексеру.

Тарихи-танымдық турнир бірнеше кезеңнен тұрды:

1. «Туған ел – алтын бесік»;

2. «Ту, елтаңба, гимн туралы сұрақтар»;

3. «Капитандар байқауы. Мемлекеттік рәміздер тарихынан»;

4. «Күндер, қалалар, рәміздер»;

5. «Бәйге».

Жарыс қорытындылары бойынша жеңімпаз команда және ең белсенді қатысқан білгірлер ынталандыру жүлделеріне ие болды.

Страница 278 из 326