ҚАЗ РУС
Сенім телефондары





14.12.2016
«Астана – болашақтың елордасы» ұлттық тарих сағаты

2016 жылғы 14 желтоқсан күні Петропавл темір жол көлігі колледжінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Астана – болашақтың елордасы» ұлттық тарих сағаты өткізілді.

Іс-шараның мақсаты: қаланың пайда болу тарихымен, елтаңбасымен және оның жетістіктерімен, сондай–ақ ел Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Еуразия жүрегінде» кітабымен таныстыру, болғалы жатқан «Экспо–2017», «Болашақ энергиясы» көрмесі туралы мәлімет беру.

13.12.2016
«Тәуелсіздік жолымен» ұлттық тарих сағаты

2016 жылғы 13 желтоқсан күні Петропавл темір жол көлігі колледжінің кітапханасында кітапхана меңгерушісі Г. М. Қабденова Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік жолымен» ұлттық тарих сағатын өткізді.

Іс-шараны өткізуге В-22 (сынып жетекшісі О. В. Курбанова) және Л-11 (сынып жетекшісі О. А. Мухамедшина) топ студенттері қатысты.

Қатысушылар Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойы – өз тарихында тұңғыш рет заманауи үлгідегі мемлекет құрған Қазақстан халқының ауқымды тарихи жетістіктерінің жарқын белгісі екенін атап өтті. Тәуелсіздіктің жиырма бес жылы Қазақстан үшін ілгерілеу мен тұрақты даму дәуірі болды. Тәуелсіз Қазақстан өзінің жаңа тарихымен табысты мемлекет болып атануға құқығы бар екенін дәлелдеді. Өз Тәуелсіздігінің 25 жылы ішінде Қазақстан қарқынды дамып келе жатқан экономикасы, табысқа жетуде бірегей тәжірибесі бар саяси тұрақты мемлекет ретінде қалыптасты.

Іс-шара барысында қазақ және орыс тілдерінде өлең жолдары оқылып, интербелсенді тақтада слайдтар, «Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы тарихи кезеңдер», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері» бейнефильмдері, «Жаса, Қазақстан», «Моя земля» әндерінің бейнебаяндары көрсетілді.

Кітапхананың оқу залында «Менің Тәуелсіз Қазақстаным» кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Подробнее
09.12.2016
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы!

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында Петропавл темір жол көлігі колледжінің оқытушысы Г. М. Жармұқанова адал еңбегі, сапалы білім беруге қосқан зор үлесі, таңдаған ісіне деген адалдығы, жоғары кәсіби білімі мен тәжірибесі үшін Солтүстік Қазақстан облысы әкімі Е. Сұлтановтың Алғыс хатымен марапатталды.

Петропавл темір жол көлігі колледжінің оқытушысы Б. В. Шипулин білім саласындағы ұзақ жылғы, адал еңбегі, өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге қосқан зор үлесі үшін Құрмет грамотасы және «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.

09.12.2016
«Қазақ халқының ұлы ағартушылары – ұлттық мұра» сынып сағаты

2016 жылғы 09 желтоқсан күні Петропавл темір жол көлігі колледжінде Ыбырай Алтынсариннің 175 жылдығына арналған «Қазақ халқының ұлы ағартушылары – ұлттық мұра» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.

Сынып сағатының мақсаты – студенттерді жаңашыл педагогтың өмірбаяны және шырғармашылығымен таныстыру, тарихи дүниетанымды, өз елі мен халқының мәдениетіне мақтаныш сезімін тәрбиелеу.

08.12.2016
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Үздік әлеуметтік жоба

«Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы» КММ Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментімен бірлесіп техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттерінің арасында СҚО аумағында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Үздік әлеуметтік жоба байқауын өткізді. Байқау Солтүстік Қазақстан облысы тұрғындарына мемлекеттік қызметтер көрсетудің әлеуметтік-маңызды мәселелерін талқылауға білім алып жатқан жастарды тарту мақсатында өткізілді.

«Сапалы медициналық қызмет дені сау қазақстандықтарды қалыптастырудың кепілі ретінде» тақырыбында әлеуметтік жоба дайындаған Петропавл темір жол көлігі колледжінің студенті Ефремова Анастасия байқаудың жеңімпазы болып танылды.

2016 жылғы 8 желтоқсан күні Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаменті «Болашаққа сыбайлас жемқорлықсыз!» атты Солтүстік Қазақстан облысы жастарының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумын өткізген болатын, онда А. Ефремова өзінің жобасын ұсынып, Алғыс хат және бағалы сыйлықпен марапатталды.

Страница 275 из 326