ҚАЗ РУС
Сенім телефондары





02.03.2017
Алғыс айту күні

2017 жылғы 1 наурыз күні Петропавл темір жол көлігі колледжінің кітапханасында кітапханашы Т.А Таран Алғыс айту күніне арналған «Рахмет, қазақ жеріне» атты қарым-қатынас сағатын өткізді.

Іс-шараны өткізуге Б-21 топ (сынып жетекшісі О. Н. Константинова) және Л-22 топ (сынып жетекшісі В. А. Симонов) студенттері қатысты.

Қатысушылар Алғыс айту күнін мерекелеудің мақсаты – ортақ тарих, бірге жеңген қиындықтар негізінде көп ұлтты Қазақстанда бірлікті сақтау деп, ал Қазақстандағы береке, қоғамдық келісім, тұрақтылық пен бірлік – біздің Отанымыздың бақытты болашағының кепілі екенін атап өтті.

Іс-шара барысында халықтар достығы, Отан туралы қазақ және орыс тілдерінде поэзия жолдары оқылды. ДМ–21 топ студенті Ә. Жаменов «Туған жер», «Жаным сол» әндерін орындады.

Интербелсенді тақтада: слайдтар, «1 марта – День благодарности в Казахстане» бейнефильмі көрсетілді, «Алғыс айтудың біріктіруші күші» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Подробнее
01.03.2017
Жалпы білім беру дайындығы – табысты кәсіптік оқытудың іргетасы

2017 жылғы 22 ақпан күні Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы «Петропавл темір жол көлігі колледжі» КМҚК бастамасымен «Жалпы білім беру дайындығы – табысты кәсіптік оқытудың іргетасы» атты жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық қашықтық олимпиада өткізді.

Олимпиадаға Солтүстік Қазақстан облысының техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының студенттері қатысты. Олимпиада келесі пәндер бойынша өткізілді: физика, математика, биология, химия, география, ағылшын тілі.

Олимпиадаға барлығы Солтүстік Қазақстан облысы техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының 203 студенті қатысты. Біздің студенттер де Олимпиадада бақтарын сынады: физика бойынша - К. Языков; математике бойынша - А. Евсейко, В. Ионов, Ю. Суворкова, Т. Серікбаев, Д. Жуков; биология бойынша - А. Лосинская, В. Потапенко, Д. Пухов; география бойынша - М. Лазарев, Д. Батрак, О. Полубоярцева; ағылшын тілі бойынша - А. Лаппа, Е. Шаракина, Н. Матанцев, С. Зубкова, Д. Зырянов, Ю. Герасимова, Ж. Жанәбілева, К. Жеңісов; химия бойынша - Д. Хмелькова, В. Тарасова, Д. Назирова.

Олимпиада қорытындылары бойынша қазылар алқасы жүлдегерлерді анықтады:

Физика

I дәрежелі диплом – Пьянкова Мария («Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі» КМҚК), Прокопьев Руслан («Петропавл қ. Машина жасау колледжі» КММ);

IІ дәрежелі диплом – Искаков Ерлан, Шорохова Анастасия, Сафонов Михаил («Петровка аграрлық-техникалық колледжі» КММ);

IIІ дәрежелі диплом – Исмагулов Виталий (Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі).

Математика

I дәрежелі диплом – Шветова Анастасия («Петропавл қ. Қызмет көрсету саласы колледжі» КММ);

IІ дәрежелі диплом – Пауль Юлия, Сушко Наталья (Гуманитарлық-техникалық колледж);

IIІ дәрежелі диплом – Бекенова Алина (Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі).

Биология

I дәрежелі диплом – Низова Екатерина («Петропавл қ. Қызмет көрсету саласы колледжі» КММ);

IІ дәрежелі диплом – Толоконникова Валентина, Бірімжанова Мадина (СҚУ колледжі);

IIІ дәрежелі диплом – Василюк Наталья («Тимирязево агротехникалық колледжі» КММ).

Химия

I дәрежелі диплом – берілген жоқ;

IІ дәрежелі диплом – берілген жоқ;

IIІ дәрежелі диплом – Ларина Юлия («Петропавл қ. Қызмет көрсету саласы колледжі» КММ).

География

I дәрежелі диплом – Диков Владислав («Қызылжар аграрлық-техникалық колледжі» КММ);

IІ дәрежелі диплом – Жақыпова Гүлдана («Ж.Қизатов атындағы Есіл ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК);

IIІ дәрежелі диплом – Мишунин Сергей («Петропавл қ. Машина жасау колледжі» КММ).

Английский язык

I дәрежелі диплом – Омарова Жамиля (Гуманитарлық-техникалық колледж);

IІ дәрежелі диплом – Азеков Александр («Петропавл қ. Қызмет көрсету саласы колледжі» КММ);

IIІ дәрежелі диплом – Лепетюк Елена («Рузаевка аграрлық-техникалық колледжі» КММ).

Подробнее
28.02.2017
Дипломдық жобаларды қорғау

2017 ж. 28 ақпан күні Петропавл темір жол көлігі колледжінде 1107000 «Көтергіш көлік, құрылыс, жол машиналары мен жабдықтарын техникалық пайдалану» мамандығының ІV курс студенттерін қортынды аттестаттау өтті.

Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының құрамына:

– комиссия төрағасы – Новицкий Юрий Витальевич, тиеу-түсіру жұмыстары механикаландырылған дистанциясының басшысы;

– төрағаның орынбасары – Шатковский Михаил Леонидович, Петропавл темір жол көлігі колледжінің директоры;

– Задорожный Владимир Викторович, арнайы пәндер оқытушысы кірді.

Қорғауға мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын ДМ-41 топтың 25 студенті жіберілді. Үздік дипломдық жобалардың арасынан комиссия Шанин Владиславтың, Липатов Романның, Молотков Антонның, Васильев Евгенийдің, Исаев Владиславтың жұмыстарын атап өтті.

Жолың болсын, түлек! Бүгін сені диплом алуыңмен құттықтай отыра, оқыған жылдар бойы алған білімің мен іскерлігің сенің еңбек жолыңдағы сенімді тірегің болуын тілегіміз келеді!

24.02.2017
Ашық есіктер күні

17 және 24 ақпан күндері Петропавл темір жол көлігі колледжінде Ашық есіктер күні өткізілді. Оған қала және облыс мектептерінің оқушылары, барлығы 300 адам қатысты.

Ашық есіктер күні колледждің қонақтары ПТКК оқытушылары және студенттерімен кездесіп, оқу орнының өзімен және оның тарихымен танысты, мамандықтардың кең көлемдегі сипаттамасын алды.

Әсіресе «Барша үшін тегін кәсіптік-техникалық білім» жаңа білім жобасына ерекше көңіл бөлінді.

Осы кездесулерге қатысушылар Петропавл темір жол көлігі колледжі студенттерінің қатарын толықтырады деген үміттеміз.

17.02.2017
«Сызу» пәні бойынша кеңістіктік ойлау қабілетін дамытуға арналған байқау

17 ақпан күні Мамандық апталығы аясында оқытушы В. А. Симонов пен В. В. Семоненко «Сызу» пәні бойынша кеңістіктік ойлау қабілетін дамытуға арналған байқау өткізді.

Байқауға екінші курс студенттері қатысты.

Іс-шараның мақсаты: сызбаларды, конструкторлық құжаттамаларды түсіну дағдыларын жетілдіру, кеңістіктік ойлау қабілетін дамыту.

Байқау қорытындылары бойынша ең көп ұпай санын жинап, бірінші орынды Үсенбаев Жанат пен Байбурин Арман бөлісті, екінші орынды Иванов Багдан, үшінші орынды Дубровин Денис иеленді.

Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Страница 273 из 327