2025 жылғы 5 мамырда Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің жатақханасында Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай «Отанға қызмет ету- қасиетті борышымыз!» тақырыбында әскери-патриоттық сағат өткізілді. Іс-шараның мақсаты – студенттерді Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тарихи деректермен, бейбіт замандағы әскери қызметпен таныстыру; армияға және Отан қорғаушыларға құрметпен қарау көзқарасын қалыптастыру; патриотизмге, адамгершілікке және жеке тұлғаның көшбасшылық қасиеттеріне тәрбиелеу болды.. Байқау бағдарламасына ұлдар мен қыздардан құралған екі команда қатысты. Студенттер өздерінің зеректігін, тапқырлығын, алғырлығы мен ептілігін көрсете білді.
Бағдарламаның соңында қыздар ұлдарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады.
Павленко Е.Г., Богдан Ю.Г. – жатақхана тәрбиешілері
2025 жылғы 5 мамырда Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің кітапханасында «Оқу колледжі» тұжырымдамасы аясында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Естеліктер уақыттанда жүйрік» атты естелік сабағы өткізілді.
Кеңес сарбаздары мен тыл еңбеккерлерінің ерлігі бүгінгі және болашақ ұрпақ үшін бүкіл әлемде ұлы және өшпес болып қала береді. Ондаған жылдар өтсе де, ұрпақтар алмасса да, халқымыздың мақтанышы, жауынгерлік даңқы мен ерлігінің нышаны болған Ұлы Жеңіс елдің қаһармандық шежіресінде мәңгілікке жазылып қалады.
Іс-шара барысында слайдтық презентация ұсынылып, «Ұлы Отан соғысының шежіресі», «314-атқыштар дивизиясы», «Естен кетпес. Мақтан тұтамыз» атты бейнефильмдер көрсетілді. Студенттер «Отты жылдардың естелігі» атты викторинада Ұлы Отан соғысы туралы білімдерін тексерді. Сонымен қатар, олар «Ұлы Отан соғысындағы қазақстандықтар», «Байланысшы», «Соғыс туралы кітаптарды парақтай отырып…» әдеби байқауы, «Тарих беттерімен» атты сайыстарда өз білімдерін, тапқырлықтары мен ұжымдық бірліктерін көрсетті.
Оқу залында «Ұлы және мәңгілік ерлік» атты тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Таран Т.А. - кітапханашы
2025 жылдың 5 мамырында арнайы пәндер апталығы аясында ТМ-11 тобында студенттердің кеңістіктік қиялын дамыту мақсатында іс-шара өткізілді. Бұрын алған білімдері мен дағдыларын қолдана отырып, студенттер тапсырмаларды сәтті орындады.
Швалюк Максим ең жоғары ұпай жинап, тапсырманы бәрінен жылдам орындап, 1-орынға ие болды. Ол мақтау қағазы мен сызуға арналған пайдалы құралдармен марапатталды.
2025 жылдың 5 мамырында Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде «Отбасы – өмір бастауы» атты ақпараттық-ағартушылық науқан аясында «Тірек нүктесі» атты Біріңғай психологиялық денсаулық күні ұйымдастырылды. Іс-шараның бастамашысы – Петропавл қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия.
Науқанды психикалық денсаулық орталығының психологтары – А.А.Шаймерденова мен Н.В.Колесникова жүзеге асырды. Талқыланған кейстер мен шынайы өмірден алынған жағдайлар студенттердің қызығушылығын тудырып, жағымды эмоцияларға себеп болды. Олар іс-шараның өзектілігі мен тәжірибелік маңызын ерекше атап өтті.
2025 жылғы 30 сәуір және 2 мамыр күндері "Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжі" КМҚК жұмысшы мамандықтар жылы аясында Мамлют ауданының "Д.М.Карбышев атындағы № 40 орта мектебі" КММ, БЭСТ гимназиясы, "В.МСкачков атындағы Қызыласкер орта мектебі" КММ 9 сынып оқушыларына барды. Кәсіптік бағдар беру кездесуі мен колледжге экскурсияның мақсаты жұмысшы мамандықтарын дәріптеу болып табылады. Кездесу аясында біздің колледждің үгіт бригадасы қазіргі еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар туралы баяндама дайындады. Әрі қарай мектеп оқушылары колледждің мамандықтарымен және материалдық базасымен танысты.