ҚАЗ РУС
Сенім телефондары





08.02.2013
Кәсіби бағдар беру жұмысы

07.02.2013 жылы Петропавл темір жол көлігі колледжінде №10 ОМ 9 сынып оқушыларының колледж бөлімше меңгерушілері және оқытушыларымен кездесуі өтті.

Кездесудің шеңберінде колледждің тарихы, оның жетістіктері, Қазақстан Республикасы мен ТМД елдерінде табысты еңбек етіп жатқан түлектері туралы әңгімеленді.

Бөлімше меңгерушілері әр мамандық бойынша өндірістік қызмет түрлері туралы, көбі колледждің түлектері болып табылатын жетекші оқытушылары туралы әңгімеледі.

Бұл кездесу аудиторияның ерекше қызығушылығын туғызды.

Фотогалерея>>

02.02.2013
Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 140 жыл

2013 жылғы 29 қаңтар күні Петропавл темір жол көлігі колледжінің кітапханасында қазақ халқының қоғамдық қайраткері, жазушысы және педагогы Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 140 жыл толуына арналған «Қазақ халқының рухани көсемі» әдеби салоны өтті.

Іс-шара барысында В-12 (сынып жетекшісі С.Е.Красиков) және Л-11 топ (сынып жетекшісі О.А.Мухамедшина) оқушыларына А.Байтұрсыновтың өмір жолы, әдеби шығармашылығы, қоғамдық саяси қызметі туралы толық мәлімет берілді. Ауызша әңгіме өте орынды іріктелген слайдтармен сүйемелденді, «Халыққа сүйіспеншілікпен» кітап көрмесі дайындалды.

Оқушылар іс-шараның мазмұнын ерекше ықылас және қызығушылықпен қабылдады.

Іс-шараның қорытынды бөлімінде тарих пәнінің оқытушысы С.Е.Красиков қазақ халқының рухани көсемі А.Байтұрсыновтың тарихи рөлін, кітапхана қызметкерлері жоғары идеялық-көркем шығармашылық деңгейде дайындаған іс-шараның маңыздылығын атап өтті.

22.01.2013
Облыстық оқытушылар әдістемелік бірлестігінің бірлескен отырысы

2013 жылғы 18 қаңтар Петропавл темір жол көлігі колледжінде колледждердің жалпытехникалық, құрылыс және экономикалық мамандықтар арнайы пәндерінің оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері әдістемелік бірлестігінің бірлескен отырысы өтті.

Отырыстың тақырыбы: «ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» СТРАТЕГИЯСЫ»: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы аясында облыстың техникалық және кәсіптік білім жүйесінің бәсекеге қабілетті маманын дайындаудағы оқытудың инновациялық технологиялары».

Отырыстың мақсаты: педагогикалық тәжірибедегі оқытудың инновациялық технологияларымен бөлісу және енгізу, техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту және жетілдіру.

Отырыс барысында Солтүстік Қазақстан облысының жетекші оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің мәлімдемелері, тұсаукесерлері жасалды, тренингтері, шеберлік кластары өткізілді.

Фотогалерея>>

18.01.2013
Дөңгелек үстел «Қазақстанның темір жол көлігі: саланың жаңа межелері»

2013 жылғы 15 қаңтар күні кітапхананың оқу залында Д-23 топтың (сынып жетекшісі Р.Х.Курбанов), Д-21 және Д-22 топтардың (сынып жетекшісі Ж.Ө.Әділбаева) қатысуымен Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан – 2050 стратегиясы»: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауының басымдықтарын талқылау бойынша «Қазақстанның темір жол көлігі: саланың жаңа межелері» - «Железнодорожный транспорт Казахстана: новые рубежи отрасли» атты дөңгелек үстел өтті.

Талқылау барысында кәсіптік-техникалық білімді жаңғырту бойынша негізгі міндеттер қарастырылды, сондай-ақ елдің алдында Қазақстан темір жолы саласында тұрған міндеттерге назар аударылды.

Елдің жаңа саяси бағытының маңыздылығын ескере отырып, іс-шараға қатысушылар «Қазақстан – 2050 стратегиясы» - болашақ ұрпақ үшін бағдар екендігін және елді 2050 жылға дейін дамытудың жоспарлары мен стратегиялық мақсаттарын орындау жолында өздерінің дәйекті және қажырлы еңбек етулері керек екендігін атап өтті.

Фотогалерея>>

18.01.2013
Республикалық «Алматыдағы қысқы ертегі» фестиваль-байқауы

06.01.2013 ж. Алматыда республикалық «Алматыдағы қысқы ертегі» фестиваль-байқауы өтті.

Байқауға «Радуга» би ұжымы («Солтүстік Қазақстан облысының Мамлют өнер мектебі) қатысты, оның құрамында Петропавл темір жол көлігі колледжінің оқушысы Медведев Ярослав (гр. Л-11) өнер көрсетті.

Ярослав «Хореография» (жоғарғы буын) номинациясында І орынды иеленді және Дипломмен марапатталды.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Фотогалерея>>

Страница 342 из 346